Біздің елшілер қазақша біле ме?

593

Елшілік деген – бір елдегі біздің елдің кішкентай ғана көшірмесі сияқты. Америкадағы Қазақстан елшілігінде болған жағдай екен мынау. Сонда тұратын (оқитын, жұмыс істейтін) Гүлнәр дейтін қарындасымыз жазыпты. Мемлекеттік тілді менсінбеу мен біздегі былықтың бәрі бұларда да бар. Сонау Америкада жүрген кезде елшіліктен бір патриотизмді, отаншылдықты, ыстық ықыласты көргісі келеді адам. Алып-ұшып елшілікке келген қандастарымыз оның орнына орысқұл психологияны, елшіліктегілердің өз тілін менсінбей тұрған дүмбілез, құлдық мінезін көргенде тауы шағылып қайтатын шығар. Елшіліктегі жағдайға қарап, Қазақстанды көргендей боласың. Адамның қарадай жыны келеді екен:

Бүй деп жазыпты Гүлнәр:

«Сәлем бәріңізге! Бүгін Вашингтондағы елшілікке хабарластым. Жауаптары таң қалдырды. Екінші рет рейсімді тоқтатқан соң ақпарат алайын деп телефон шалдым. Қай елдер арқылы Қазақстанға жетуге болады, қай елдермен әуе рейстері ашық деп бір ғана сұрақ қойдым. Соның өзіне ешбір ақпарат бере алмады. Америкадағы бір тур агенттіктің атын беріп, солардан ақпарат алыңыз деді. Қазақша амандасып едім, орысша жауап алдым. Қысқа әңгімеміз орысша болды. Өзі қазақ, әрине, аты жөнін жазбай-ақ қояйын. Сонда елшіліктің Америкадағы қазақстандықтарға дәл қазіргі COVID-19 жағдайында кеңестік (консультативті) көмегі (басқа көмекті сұрамай-ақ қояйын) қандай?!»

Жолымбет Мәкіш

Пікірлер
Редакция таңдауы