Эссе:«Әл-Фараби мен Абайдың ғибратты сөздерінің мәні»

10199
Adyrna.kz Telegram

 

 

                                                                  «Абайдың қара сөздері оның ақындық    

                                                           мұраларына қосылған бағалы қазынасы...»

                                                                                                     М.Әуезов

Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру,оларды үндестіру,біздің халқымыздың мың жылдық рухани-мәдениетін көтеру, насихаттау,- деп білемін. Абай атамыздың қара сөздерінде Фараби ойлары көрініс табатындай ойға құрылған,трактаттар  деп айтсақ та келетін сияқты.Абай адамның барлық сезім мүшелерін: жан,ой, дін, ынсап, ләззәт, ақыл, түйсік, ғылым,білім, құмарлық, еңбек, талап, ұят, ар, намыс, махаббат, қайрат,ашу-ыза, қуат,т.б философиялық категорияларды қағаз бетіне түсіріп,айқындап көрсеткен.Абай Фарабиден кейін,арада мың жыл өткен соң,оқып терең тұжырым жасай білген.Қара сөздерінде қарапайым тілмен әңгімелеу,баяндау, түсіндіру,үлгі ету,тәсілімен терең ой,тартымды теңеу,тағылымды сөздер оқырман қауымын қызықтырып,баурап алатыны сөзсіз.Екі ғұламаның өзіндік идеялары әлем жұртшылығына  кеңінен  тарады. Халық жоғары бағалап, ақыл-ой мен білімдерінің биік екені дәлелденді.Бұл да болса қос ғұламаның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазынасы деп білемін.

Абай  Құнанбайұлы -ақын, ағартушы,жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, аудармашы, саяси қайраткер, жастайынан өнер-білімге бейім болғаны бәрімізге мәлім.Абай шығармашылығының  мол мұрасы ретінде оның өлеңдерін, аудармаларын, поэмаларын және қара сөздерін айтуға болады.Абайдың қара сөздері 1890-1898 жылдары жазылып,қара сөз-көркем әдебиеттің үлкен бір саласына айналды.Менің пікірімше,«Әл-Фараби мен Абайдың  ғибратты сөздерінің мәнін қалай түсінесің..?»деген сұраулы сөйлем терең ойға жетелейді...Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын,әр түрлі оқиғаларды баяндау болады.Абайдың қара сөзінің өзгешелігі,ол нақыл әңгіме түрінде жазылған.Халқымыздың ұлы ақыны бұрын жарық көрмеген қара сөзді халық арасында жақсы мен жаманның куәсі бола жүріп қалам тебеді.Абай адамгершіліктің бастауы-адамның санасы екенін айта келе,адам бойындағы бар жақсы қасиет-сананың жемісі екенін қырағы көзімен бақылап, қара сөзден құдірет терген  үлкен парасат иесі атанды.Абайдың қара сөздерін оқыған адам Абаймен сөйлесіп, пікірталасып отырғандай сезінеді,жиырма үштен астам афоризмдер жинағы кездеседі.Қазақ сөз құдіретін,бар құдіреттен артық санаған.Соның ішіндегі құдіретті сөздің бірі-Абайдың қара сөзі. Абай қара сөзді жазудағы себебі,келешек ұрпақтың жақсы мен жаманды айыра білуін қалады.Жас шыбықтан биік діңгек өсетін сияқты адам баласын сәбилік шақтан тәрбиелеу дұрыс деп қарады.Абайдың қара сөздерінің кімге үшін болса да, тәрбиелік мәні зор,білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды.Әрбір жеке тұлғаның өмірінің мәнді болуы,мағыналы өмір сүре білуі,тікелей қара сөзбен байланысты сияқты.Өйткені ғылым да,өнер де жастардың келешегі үшін маңызды деп ойлаймын.Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім-білімді игеру де жастық шақта орын алатын мәселе.Қартайған шағында адам қанша ұмтылса да өндірері аз,сол себепті жастық шақта уақыттың босқа өтпеуін баса сынға алғаны белгілі.Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның айтқандарын берік есте сақтағанда ғана маңызды өмір сүре алатыны айтпаса да түсінікті.Абайдың қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазынасы екенін білеміз.Абайдың өз заманындағы шындықты қарасөз арқылы сол қалпында бұлжытпай,бізге сөзбен сурет салып кеткен адам,- деп тануға әбден болады. Абай өмір сүрген заманда болмасақ та,сол заманның қандай болғанын қарасөз арқылы оқып тануға, қазіргі біз өмір сүріп жатқан өмірмен салыстыра қарасақ,бәрі шындық.Рас,біздің заманымыз үшін Абай сынап,суреттеп отырған ортаның барлық болмысы,барлық дерті, мақсаттары күнделікті өмірмен байланысы  бәрі-бәрі  дөңгелеген дүниеде көз алдымыздан өтеді.

Бүгінгі біздің қоғам Абайдың заманындағыдай қиын емес,десек те қоғамдағы шындық мүлде алыста,артта қалған дүние.Осы  тұрғыдан қарағанда қарасөздердің арманы мен мазмұны тек бүгінгі күні бағалы болып отыр.Абайдың екінші қарасөзіндегі адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ,олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары мен тәрбиеге байланысты ойларын оқып қараған оқырманға жетерлік,- деп ойлаймын.Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қара сөздері мағынасын жоғалтпайтын мол қазынасы деуге тұрарлық дүние деп ой түйдім.Өлең сөзінде де өзінің барлық ақындық шеберлігі мен қара сөзінде де тарихымызға мол еңбек сіңірген дана адам деп айта аламын.Осындай қазақ елінің сапалы тілін, қазақтың жазба әдебиетінің биік шыңына өрлетіп шығарған Абай  қара сөздегі айтылған ойы-ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі біртұтас тақырыпта өзекті идея болғаны айтылған.Абайдың пікірінше, ішкі рухани қазынамыздың өз деңгейінде болуы,тікелей өзімізге байланысты.Осыған бағытталып айтылған сөз «Он тоғызыншы» қара сөзінде кездеседі.Абайдың дүниетанымы бойынша адамның ақылының,санасының пайда болуы, күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен туындайтын құбылыс деп айтылған.Абай білімге қызықпайтын жастарды сынға алды. Абайдың жоғары ілім–білімге бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуі,баса айтылып,жаман әдеттен жирену керек екенін алға тартқан.«Бірлік,тірлік»деген сөздердің мәнін аша келіп, ауызбіршіліктің болмауын қатты сынға алған тұстары таңқалдырады. Қазақ бола тұра бір-біріне қарайласпау, мәдениетсіздік, жалқаулық, еңбексіздіктен келіп туатынын дәлелдей келе,ақын өзінің оқырмандарын бұл мінезден қашық болуға тәрбиелейді.Қара сөздің  келешек ұрпақ  үшін құндылығы да осында. Елдің ел болып қалыптасуына бөгет болатын нәрселер-ұрлық,парақорлық, мансапқорлық екенін атап көрсетті.Адам өмірін бос сарқылып,өткізбей белгілі бір ғылымға,білімге арнаса,өмірінің мәні болатынын айта келе,армандаған нәрсеге қол жеткізу оңай емес ,оған жету үшін талпыныс қажет екенін айта келе,адам бойындағы барлық болмысты саралап,тізбектеп барлық қара сөзінде жақсылыққа үндей білді.Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп,сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады,немесе өзімен өзі кеңесу,ой-пікір білдіру үлгісінде оқырманға ой салады.Өзге халықтармен салыстыра отырып,өмір тәжірибесіндегі тағылымы жағынан үлгі алу керектігін айтады.Менің өз пікірім,сол заманның тұрғысынан қарағанда,өркениетті елдің жақсы жақтарынан үлгі алып,елімізді түзету-басты мәселе болды,- деп ойлаймын.Орыс тілін үйренудегі мақсаты да сол болды,орыс халқы білімге бейім, өркениетті елдердің қатарында болды.Өзге тіл деп жатсынбай,тілін білсең,дүниенің тетігін табатынын ойлап,бізбен бірге жасап  келеді...

Көп  адам  дүниеге  бой  алдырған,

Бой  алдырып , аяғын  көп  шалдырған.

Өлді  деуге бола  ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын  артына  сөз  қалдырған,деп

төрелігін  өзі шешкен  Абай бүгін жарқын бейнесімен де,жалынды жырымен де  бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді,мәңгі өмір сүре бермек..!

Қорытындылай келе,екі ғұламаның ғибратты,даналық сөздері оқырмандарына  ой салып,түзу жолда жүруге,адаспауға,артына мәңгілік мол қазына қалдыруға шындап кірісіп,бар ғұмырларын қазақ елі үшін арнады.Адамның мәңгілік жасамайтынын, мәңгі жасайтын оның қолтаңбасы екенін білді.Ғибратты сөздерінің өзіндік ерекшелігі, қысқа, мағынасы терең, этика мәселелелері  туралы көзқарастарын шынайы білдіруінде жатыр. Ғұламалардың  көптеген өлеңдері сияқты қара сөздерінде де нақыл сөздер көп пайдаланылған.Міне,ақыл сөздерімен қазақ халқына ой салған аталарымыз ешбір жанның есінен кетпес деп ойлаймын.Абайдың қара сөздерін оқығанда кез-келген адам толқу үстінде өзіне ой түйеді.Абай атамызбен сөйлесіп отырғандай сезіледі.Адам баласының білмегенін білдіріп,жақсы мен жаманды айыра білу,тек түзу жолмен жүрсең ғана маңызды өмір сүретініне жол салып берді, десе де болады.Жаман әдетке жоламау,оған кезіккен адамның жұмысының алға баспауын,алға тарта отырып,адам баласы тек білім,оқу,іздену,ғылым арқылы өз ісін алға қарай жалғастыра алатынын көрсетіп,алға ілгері басуды арман еткені белгілі.Өмір құбылыстарын жіті бақылап,орынсыз нәрселерге жирене қарап,қазақтың тарихи бетін дұрыс жолға бұрды.Осындай ақыны мен ғұламасы бар қазақ халқының ұрпақтары бақытты...!Біз оқушылар ұлы ойшылдың ақыл кеңестерін болашақ жас жеткіншектердің санасына ұялатып,әрі оны өміріміздің ұстанымына айналдыра білсек,кәделі іс тындырған болар едік,- деп ойлаймын...

                                                              Абай атындағы№26 орта мектеп

                                                                          Тапай Зере

Пікірлер