Фарабидің философиялық көзқарастары

8917
Adyrna.kz Telegram

Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады.

Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаты нәтижесінде құрылған жаңа мемле-кет — араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып жаңа қоспа (синкреттік) мөдениет туғызды. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму — таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі кертартпа жөне ілгерішіл күштер арасында, Араб халифаты мүддесін кездеген ресми мұсылман дін басылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен еркіндігінің жоғын жоктаушылар арасындағы күрес болды, Мұндай жағдай философияда айқын боп қалды.

Араб философиясында Фарабиге дейін бірнеше ағымдар мен кезеңдер болды. Діни философияны VIII ғ. бас кезінде пайда болған мутакаллимдер қуаттады. Олар құдайдың мәнісі, дүниенің түпкі сыры жөнінде кұран қағидаларын бұлжытпай басшылықка алды, табиғи заңдылық және таби-ғаттағы себептілік принциптеріне қарсы шыкты. Мутакал­лимдер болмыстағы барлық қүбылыстар, оқиғалар тек бір қүдайдың еркімен болады, қүдайдың күдіретінсіз "адамның жалғыз шашы түспейді" дегенді уағыздады, дәлелдеп бақгы. Алайда араб халифатында, мемлекетінде ғылымның өркендеуі басқаша көзқарастардың, сенімдердің бой көтеруіне әкеп соқты. Олар сайып келгенде, мұсылмандық қатып қалған қағидаларға (догматтарға) қарсы бағыттап, рационалистік, материалистік көзқарастардың етек алуына жағдай туғызды. Мұндай ғылыми, рационалистік бағытты жактаушылар мутазилиттер, яғни дәстүрлі діннен "бөлініп кетушілер" еді. Олар адамзат ақыл-ойы шындыққа жетуде кұдайдың алдын ала сызып-пішіп қойған жолы емес, одан басқа ақыл, парасат жолын басшылыққа алу жөн деп есептеді. Мұндай күрес сол заманда философия мен ғылымды дамытуда үлкен маңызы болды. Екінші жағынан мутазилиттер Аристотельдің құдай туралы идеясына карсы шығып дүниенің мәңгілігін, ондағы орын алатын заңдылықтарды біртіндеп жоққа шығарды. Мутазилиттердің имамы, жетекшісі атақты әл-Ашари болды.

Араб философиясындағы жетекші бағыт перипатетизм, яғни аристотелизм болды. Бұлар да бірсыпыра өзекті мөселелер түрғысында Құран қағидаларына қайшы келді. Бірақ олар бұл кайшылыктарды, керағарлықгарды тігісін жатқызып, бітістіру үшін Алланың айтқаны да, философия мен ғылым тұжырымдары да шындыққа сай келеді, біріншісі баршаға бағышталған, екіншісі тандаулы адамдарға. даналарға арналған арнайы, шектеулі шындық, Міне осылай екі шындық ілімі, теориясы жасалады. Бұл теория ортағасырлар заманында прогрессивті кызмет атқарды.

Араб аристотелизмінің негізін салушылар қатарында әл-Кинди, Фараби, Ибн Сина т.б. жатады. Алайда фило­софия тарихшыларының басым көпшілігінін ұйғаруынша мұсылман шығысындағы ілгерішіл қоғамдык-саяси ой-пікірдің нағыз көш бастаушысы Фараби болды.

Фарабидің өз еңбектерінде кұдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп — "алғашқы түрткі" қана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз зандылығымен кұдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны куаттайды. Бұл, әрине, мутакаллимдердің "жақсылық та құдайдан, жамандықта құдайдан" деген қағидасына мүлдем қайшы. Кертартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар (мәселен, әл-Ашари) осы сиякты "күпірліктері", кателері үшін Әбунасырды қудалаған кездері болған.

Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан, әр түрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін деп санайды. Оның философиялық көзқарастарын нақтылы тарихи жағдайда, белгілі бір дәуірмен байланысты қарағанда ғана ерекшеліктері мен сонылығын дұрыс түсінуге болады. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондыктан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-тео-логиялық сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі — негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің данышпандығы мен білімпаздығы, әрине, бұл идеализмге өзгеше түр бермей қала алмады. Араб тарихшысы Усейбидің айтқанына карағанда, Фарабидің философиялық жүйесінде маңызы кейінірек барып біліне, анықтала бастаған бірден көзге түсе қоймайтын жерлері көп, олар қазіргі заманғы терминология бойынша айтсақ, материалистік нышанды немесе идеализм мен материализм арасындағы ауытқуды білдіреді. Фарабидің философиялық жүйесі ортағасырлар философиядағы барлық проблемаларды қамтиды деп айтсақ артық болмайды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті — проблемасы, логика мәселелері, ақыл және оның адамның қоғамдық іс-әрекеттеріндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және ғылымдар методологиясы, проблемалары, т.б.

Фарабидің философиялық және логика-методикалық көзқарастарын жақсы түсіну үшін оның ғылымдар топтауын (классификациясын) қарастыру қажет. Бұл топтау Аристотельдің классификациясына ұқсайды, алайда Фарабиде табиғаттану-математика ғылымдары кең де әр түрде көрініс табады; бұл оның ортағасырлардағы Шығыс философиясының даму бағытын бейнелейтін рационалистік және материалистік талпыныстарының нәтижесі болып табылады.

Икрамова Арайлым,

      Тараз қаласы 

Пікірлер