Екібастұзда үй салу жұмысы қарқынды

3055
Adyrna.kz Telegram

«Гидропром» ЖШС (директоры Исламбек Құлтуманов) басқаруымен Екібастұз қаласының 9-шы шағын ауданында бес тоғыз қабатты үйлер салынып жатыр. Осы бес үйдің барлығы да биылғы жылы қолдануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына барлығы 120-ға жуық адам тартылған. Жұмысшылардың қатары тәжірибелі және білікті мамандардан құралған.

Құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырған   кәсіпорынның учаске бастығы Қанат Әубәкіровтың айтуынша, құрылыста отандық өнім материалдары (кірпіштер, бетонды блоктар және т.б.) пайдаланылуда.

«Биік ғимараттарды салудың өзіндік мәні бар. Топырақ тұрақсыз болғандықтан, іргетасты нық орнату үшін бетон тіректері 9-12 метр тереңдікте орналастырылды. Тек бір биік үйдің негізін қалау үшін құрылысшылар осындай 270 (!) бетон қадаларын пайдаланған. Әрине, жұмыс оңай емес және қымбат, бірақ ғимарат берік және тұрақты болуы үшін бұндай жұмыстар қажет», - дейді Қ.Әубәкіров.

Қаламызда өзге де жаңа үйлерді салған «Гидропром» ЖШС-ның жұмыс сапасы жақсы екендігін қала тұрғындары біледі. Осыған орай жаңа үйлер уақытында тапсырылып, кезекте тұрғандар биылғы жылы қоныс тойларын тойлайды деп сенеміз.  

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер