Емханалар ебін тауып 75 млн теңгеге жалған қабылдау жасаған

3117
Adyrna.kz Telegram

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМСҚ) шығыны 75 млн теңгені құрайтын  11 мыңнан астам жалған қабылдау жасаған емханаларды анықтады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. Ондаған мың адамның сыртынан емхана «қабылдау жасадық» деп, жалған ақпар беріп, бюджет қаржысын талан таражға түсірген.

Емханалар неге бұл қадамға барған? Өйткені осыншама адамға қызмет көрсеттік десе, МӘМСҚ-дан кепілдендірілген қордан ақша бөледі. Міне, осы себеппен еліміздегі кейбір емханалар қордан «оңай» ақша жасап қалуға жанталасқан.  Бұл жағдай осы жылдың соңғы алты айында орын алған.

Өздерінде тіркелген азаматтарды «тегін емделді» деп сыртынан онлайн ойын жүзеге асырған емханалар МӘМСҚ-ға «қатырып жатырмыз» деп есеп беріп отырған. Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң бұзушылыққа жол берген медициналық мекемелерге айыппұл салынады.

Айыппұл көлемі медициналық қызмет көрсету құнының 300 пайызын құрайды. Сонымен қатар қор өкілдері азаматтарға өздеріне қандай медициналық қызмет көрсетілгені жөнінде арнайы ақпараттық жүйеде тексеріп отыра алатындарын да жеткізді.

Көрсетілмеген медициналық қызмет туралы ақпаратты 1406 телефон нөміріне немесе Qoldau 24/7/ мобильді қосымшасы арқылы хабарлауыңызға болады.

«Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер