Жалақымыз сұмдық көтеріліпті

1314

Статистика комитетінің ақпараты бойынша,  2019 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 13,7% – ға, ал нақты жалақы-6,5% - ға өсіпті.

Салалар бойынша кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда ең көп табыс табады – 443,4 мың теңге, бұл ел бойынша орташа деңгейден екі есе артық.

Өз кезегінде қаржы және сақтандыру қызметінде жалақы 386,8 мың теңгені, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 326 мың теңгені, Ақпарат және байланыс саласында – 273,2 мың теңгені, Көлік және қоймалау саласында – 233,6 мың теңгені құрады.

Ең төменгі деңгей ауыл, орман және балық шаруашылығында байқалды – 127,3 мың теңге, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 40% төмен.

"Өңірлік бөліністе ең жоғары атаулы жалақы Атырау облысында белгіленді – 386,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында оның көлемі 159,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,9% – ға төмен", - деп хабарлады Статистика комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа атаулы жалақы 196,7 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, елде ЕАЭО елдері арасында осы көрсеткіштің ең жоғары өсімі тіркелгені хабарланды.

Жарты жылға уақыт жарытып жұмыс істемедік, карантинде үйде отырдық. Алайда жалақымыз көрші елдер қызығатындай шарықтап өсуде екен. Бұл қаншалықты шындық?

"Адырна" ұлттық порталы. 

Пікірлер
Редакция таңдауы