Үздік поэзия: Атама хат

1841
Adyrna.kz Telegram
( Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына )
О ата !
Қалам алып хат жаздым саған ақыр,
Қызың ер, Бұл ғасырда балаң батыл.
Желтоқсанда оянды сіздың жастар
Қазаққа төнген шақта заманақыр.
Тарқамасын деп тілеп базарымыз,
Айдан тамған нұрдай боп ажарымыз.
Бұл күндері тәуелсіз ел атанды,
Бір кездегі қайыран жұрт қазағыңыз.
Биікті көрді халқың аласаны,
Сіздың ел ғылым іздеп таласады.
Еріншек болмады елің, еңбектенды,
Арқадан айбыны үстем қала салды.
О ата !
Емес ұлың мақтанғаны,
Бұл күнде білім қуып бапталғаны.
Сіздың ел ғарыш ұшып айға барды,
Ғылымға осы емес пе аттанғаны .
Әр сөзіңіз тұмардай бұл арада,
Тыңдайды данышпанда, ғұламада.
Бас басына би болмай берекемен,
Тізгінді берді халқың бір адамға.
Жолға салдың біздерді өзың ізгы,
Құрандай сүйдік қара сөзіңізді.
Заңғарыңды зерттеуде заманалар,
Сіздың сөзден таныдық өзімізді.
Бұл күнде заман тынш көңіл аман,
Абай тірі, өлмейтін сөзі қалған.
Сіздің ел бүгін қатты құлшынуда,
Біз ертең боламыз деп толық адам.
Сізге арнап той жасаймыз жиып көпті,
Атағың бізды әлемге биіктетті.
Махабатсыз болмайтын дүниеде,
Махабатпен сені әлем сүйіп кетті.
Жұматай Көксубайұлы 
Пікірлер