Атырау әкімі 5 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдеді

845

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының Доссор кентінде болып, тұрғын үй нысандарының құрылыс қарқынын тексерді.
Бүгінде Доссор кентінде салынып жатқан үшқабатты тұрғын үйдің құрылысы былтыр, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталған.
60 пәтерлік тұрғын үйдің 30 пәтері екі бөлмелі, қалғаны үш бөлмелі болады. Барлық пәтерге автономдық жылыту қазандығы орнатылған.
Тұрғын үйіді аралап шыққан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мердігерлерге нысанды белгіленген мерзімінде беруді  тапсырды.
Қазіргі таңда  тұрғын үй-құрылысы жұмыстарының  95 пайызы аяқталған. Нысанды тапсыру  мерзімі осы жылдың тамыз айының 25-іне жоспарланып отыр.
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін Мақат және Жылыой ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысқан болатын.

Жоғарыда атап өткеніміздей, әкімдік  нақты істермен айналысуда. Форумдар мен семинарларды, бұқаралық сипаты басым бағдарламаларды қысқартқан. Кейбірлерінің форматын өзгерткен.

«Біз адамдардың көп шоғырланатын шаралардың бәрінен бас тарттық. Бұдан бюджеттің 4,8 миллиард теңгесі үнемделді. Енді жыл соңына дейін тағы да 900 млн теңгені қысқартуды көздеп отырмыз. Қаржы бірінші кезекте пандемиямен күрес шараларына жұмсалады. Бұл мақсатқа 2,3 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 777 млн теңге «Атырау ӘКК» АҚ арқылы азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құруға жұмсалды. Бұдан басқа 1 млрд теңге мектептерді дәретханалармен, бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға бағытталды. Үнемделген қаржыға медициналық жабдықтар сатып алынды. Стационарларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржының бір бөлігіне өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуды жоспарлап отырмыз» - деді облыс әкімі  Махамбет Досмұхамбетов.

Атырау

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы