Адырна күнтізбесі: 3 тамыз - Дүниежүзілік қарбыз күні

3846
Adyrna.kz Telegram

3 тамызда әлем  елдер дәмді мереке - қарбыз күнін атап өтеді.

Үлкен, тәтті, сергітетін, кез-келген күнді нағыз мерекеге айналдыратын қарбызды  қалай жақсы көрмейсің? Оның тарихы АҚШ-тан басталады, онда ол Ұлттық қарбыз күні ретінде атап өтіледі. Америка қарбыз жеу бойынша басқа елдермен салыстырғанда бірінші орында. Олар үшін бұл тәтті жеміс (дәлірек айтқанда, жидек) жаздыгүні, бізше айтқанда, қазақы тойдағы ет сияқты керек.

Керемет шөлді қандырады және калориясы өте аз қарбыз, әрине, жеке мереке ретінде тойлануға әбден лайық. Оны кім, қашан және қалай орнатқаны белгісіз. Алайда жыл сайын көбірек қолдаушыларға ие бола отырып, өзінің танымалдылығын арттыра берді. Сондықтан бұл мереке халықаралық деңгейге көтерілді деуге болады.

Сөздіктерге сәйкес, қарбыз - біржылдық шөп, асқабақ тұқымдасының қарбыз тұқымдас түріне жатады. Қарбыз қабығының түсі әр түрлі: ақ, сары, кейде тіпті қара жасыл түрінде де кездеседі. Ал іші қызғылт, қызыл, кейде ақ және сары болуы мүмкін. Құрамы бойынша қарбыз жидек болып саналады және қазіргі уақытта әлемнің 96 елінде 1200-ден астам сұрыпта өсіріледі.

Қызық екен?!

Тарихшылардың айтуынша, қарбыздың отаны - Оңтүстік Африка. Ежелгі Египетте адамдар бұл өсімдікті білген және өсіргендігі белгілі. Бұған қазба жұмыстары дәлел. Сонымен, біздің дәуірімізге дейінгі ХХ ғасырда Орта Патшалық дәуірінде қарбыздар перғауындарға кейінгі өмірінде азық болады деп, қабірлеріне орналастырған. (мысалы, Тутанхамун қабірінде қарбыз тұқымы табылды). Сонымен қатар, қарбыз қабірлердің қабырғаларында да бейнеленіп, ежелгі Египет мифтерінде және ежелгі папирияның көптеген медициналық рецептерінде аталған. Ал Римде қарбызды жаңа піскен кезінде  немесе тұздалған түрінде жейтін болған. Кейде қарбыздан бал да  жасалған.

 

X ғасырда Жерорта теңізі арқылы қытайларға да қарбыздың атағы жетті. Халық арасында бірден үлкен құрметке ие болды (айтпақшы, Қытайда олар әлі күнге дейін қарбыз күнін атап өтеді). Содан бері қытайлықтар қарбызға үлкен дәрілік өнім ретінде қарайды. Оны организмді тазарту үшін қолданған. Сонымен қатар, үнемі тамақтанар алдында қабылдайтын болса, түрлі ауруға ем болады деп сенеді. Бүгінгі таңда Қытай қарбызды басқа елдерге қарағанда бірнеше есе көп өндіреді.

Бүгінгі күні қарбыз өсіруде жетекші орын алатын елдер: Қытай, Түркия, Иран, Египет, Америка елдері, кейінгі орында Ресей мен Өзбекстан.

Қарбыздың шаршы түрі?

Жапонияда қарбыздың таңқаларлық сорттары бар екен. Олар: шаршы қарбыздар, пирамида тәрізді қарбыздар. Қарбыздың дәмді ғана емес, сонымен бірге өте пайдалы екендігі құпия емес. Оның құрамында 90% -дан астам су және жалпы массадағы шамамен 6% қант бар. Қарбыз А дәруменінің керемет көзі болып табылады және құрамында В, С дәрумені және фолий қышқылы бар. Мұның бәрі иммундық жүйені нығайтуға ғана емес, сонымен бірге ағзаның жүйке жүйесінің қалыпты жұмысына және қызыл қан жасушаларының пайда болуына көмектеседі. Қарбыз целлюлозасындағы (жұмсақ заты) темір, калий, натрий, фосфор, магний тұздары ас қорыту, жүрек-тамыр жүйесі және эндокриндік бездердің қызметіне жағымды әсер етеді.

Қарбыз:

анемияға, жүрек-қан тамырлары ауруларына, бауыр мен зәр шығару жолдарының ауруларына арналған медициналық тамақтану кезінде қолданылады;
өт қабында тастардың пайда болуына жол бермейді;
организмнен холестеринді кетіруге ықпал етеді;
жүректің жиырылуын және қан қысымын реттеуге көмектеседі.

Қарбыз шырыны ыстық болған кезде шөлді жақсы басады. Әрине, қарбыздарды дәрумендер мен микроэлементтер көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге көңіл-күйіңізді көтерудің таптырмас құралы ретінде де қолдануға болады.

Аяулым ӘБІЛДА

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер