АҚШ-та Трамптың Путинге жасалар «соңғы сыйлығы» аталды

3361
Adyrna.kz Telegram

АҚШ әскерінің үштен бірінен астамынГерманиядан шығару шешімі Дональд Трамптың Владимир Путинге жасаған «соңғы сыйлығы» болуы мүмкін. Аталған пікірді CNN сарапшысы Ник Робертсон білдірді деп хабарлайды, lenta.ru.

Сарапшының пікірінше, АҚШ басшысының негізгі геосаяси қарсыласына жасалар сыйлықтары өкілеттелігі аяқталғанша тоқтамайды. Ник Робертсон еуропалық қолбасшылықтағы әскерлерді көшіру үлкен қателік деп санайды.

 Оның хабарлауынша, Трампқа шешім шығарудааздаған секундтар ғана жеткілікті болған, алайда бұл мәселе бойынша әскери одаққа келтірер шығынның орнын толтыру үшін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін.

 Бұған дейін Трамп Германияны Ресейден қорғау қажет деген мәселеге күмәнмен қараған болатын. Оның сөзінше, Берлин энергия көзі үшін жыл сайын Мәскеуге миллиардтаған доллар төлейтінін ескерсек, аталған дүние туралы айтудың өзі әбестік дейді. Сонымен қатар, АҚШ басшысы ГФР жарнаға жұмсалатын бюджет қаражатын НАТО-ға төлеуге асықпайтынын да тілге тиек етті.

 Айта кететін жайт, 29 шілде күні АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер Пентагон Германиядан 11,9 мыңға жуық әскери қызметшілерді шығаратынын, сондай-ақ АҚШ Қарулы Күштерінің Еуропалық қолбасшылығының штабын Бельгияға көшіретінін хабарлаған болатын.

«Адырна»  ұлттық порталы

Пікірлер