Адырна күнтізбесі: Бүгін ҚР халық әртісі Әлібек Мұсаұлы Дінішевтің дүниеге келген күні

3301
Adyrna.kz Telegram

Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін бітірген. (Н.Шәріпованың класы). Әлібек қазақтың опера және камералық әншісі (тенор), КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Михаил Глинка атындағы бүкілодақтық вокалистер байқауының лауреаты, Халықаралық конкурстардың лауреаты. Цвиккауда (1977 ж., 2-ші сыйлық)  және Рио-де-Жанейрода (1979 ж.) Роберт Шуман атындағы сыйлықтың және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Бейбітшілік пен прогресс үшін Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Еңбек жолы: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті; Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера солисті (1978 жылдан); Әлібек Дінішев театрының негізін қалаушы және директоры (1998 жылдан бастап); «Раннила-Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы (2006 ж. сәуір айынан бастап). Әншінің репертуарында қазақ, орыс, батыс еуропалық опералар мен романстардың бөліктері бар. Академиялық музыкамен қатар Дінішев қазақтың халық әндерін және кеңес композиторларының әндерін орындайды. «Парасат» орденімен, медальмен марапатталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер