Ченду: Қытайдағы АҚШ елшілігі жабылды

599

BBC ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 72 сағаттық мерзім ішінде Американың елшілері Қытайдың Чэнду қаласындағы консулдығын тастап кетті. Өткен аптадағы Техас штатының Хьюстон қаласындағы Қытай елшілігінің жабылуына жауап ретінде Қытай  осы елшілікті жабуды бұйырды.

Дүйсенбі күнге дейін елшілер ғимаратты  босатып кетіп жатты, артынша елшілік тақтайшасы алынды және АҚШ жалауы төмен түсірілді. Қытай СІМ айтуынша, қытай қызметкерлері ғимаратқа 72 сағаттық аралығында кейін кіріп алды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі елшілік туралы былай дейді: «35 жыл бойына елшілік Батыс Қытайдағы адамдармен, оның ішінде Тибетпен қарым-қатынасымыздың өзегі болды. Біздің Қытай Коммунистік партиясының шешіміне көңіліміз қалды және осы маңызды өңір адамдарымен жұмысты жалғастыруды Қытайдағы басқа посттарымыз арқылы тырысамыз».

АҚШ елшілігі жабылғанда, жергілікті тұрғындар сыртта жиналып, қолдарына Қытай жалауын көтеріп, селфи жасап жатты.

LinkedIn сайтын бақылаған қытайлық тыңшы

Өткен сәрсенбіде АҚШ Хьюстондағы Қытай консулдығын «тыңшылық пен мүлік ұрлау орталығы болған» деп жабуды бұйырды. Екі ел арасындағы шиеленіс кейбір мәселелерге байланысты былайша өрбіді: АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі сауда және коронавирустық пандемияға байланысты Бейжіңмен бірнеше рет текетіресіп қалды. Вашингтон, сонымен қатар, Қытайдың Гонконгтағы қауіпсіздік туралы даулы жаңа заңын қабылдауын айыптады. Өткен аптада АҚШ сотында сингапурлық ер адам Қытайдың агенті ретінде жұмыс істеген деп те айыпталды.

Сондай-ақ, өткен аптада Қытайдың төрт азаматына АҚШ-тың визасын бұзу фактісі бойынша және Қытайдың әскери бөлімінде қызмет етемін деп жалған айтуға қатысты деп айып тағылды. Қытайда жұмысшылар жексенбіден бастап АҚШ консулдығының дипломатиялық тақтайшасын алып тастай бастаған болатын. 

Чэндуда не болды?

Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тары консулдық пен қызметкерлерді, дипломатиялық белгілерді ғимараттан шығарып жіберген жүк көлігінің суреттерін көрсетті. Дүйсенбі күні таңертең CCTV мемлекеттік телерадиокомпаниясы АҚШ туының түсіріліп жатқандығы туралы видео жариялады. Ондаған қытай полициясы ғимараттың сыртына орналастырылып, көрермендерді ары қарай жүруге шақырды. Алайда, жексенбіде терезелері бүркемеленген автобус ғимараттан шығып бара жатқанда шулаған дауыс естілді, деп хабарлайды АФП агенттігі. Өткен аптада Хьюстондағы қытай дипломаттары миссиясын аяқтап, ғимаратты тастап шыққан кезде оларды наразылық білдірушілер мазақ етті.

Неге Қытай Чэндудағы АҚШ елшілігін жапты?

Өткен аптада сыртқы істер министрлігі АҚШ-тыңелшілігін жабу әрекетін «заңды және қажетті жауап» деп мәлімдеді.

«Консулдықтың қызметкерлері «өздерінің мүмкіндік шегінен тыс жұмыстармен айналысып, Қытайдың ішкі істеріне араласып, Қытайдың қауіпсіздігі мен мүдделеріне қауіп төндірді» деген мәлімдеме жасалды.

1985 жылы құрылған Чэндудағы АҚШ-тыңелшілігі Қытайдың оңтүстік-батыс бөлігіндегі үлкен аймақта АҚШ-тың мүддесін білдіретін еді. Елшілік стратегиялық тұрғыдан маңызды деп есептелетін, өйткені бұл АҚШ-қа тәуелсіздік үшін ұзақ уақыт қысымда болған Тибет туралы ақпарат жинауға мүмкіндік берді. Құқық қорғау топтары Қытайды Тибеттегі діни қуғын-сүргін және Тибеттегі адам құқығын бұзуда деп айыптады, бірақ оны Пекин мойындамады.

Өнеркәсіптік және өсіп келе жатқан қызмет көрсету секторымен қатар, Чэнду АҚШ-қа ауылшаруашылық өнімдерін, автомобильдер мен техникаларды экспорттауға мүмкіндік береді.

Дипломатиялық миссияның 200-ден астам қызметкері - жергілікті тұрғындар. АҚШ-тың Қытайдағы төрт елшілігі және Пекиндегі елшілігі ғана жабылмады. АҚШ-тың Гонконгтағы елшілігі тағы бар.

Өткен аптада Хьюстонда не болды?

Өткен аптада Қытай Хьюстон миссиясынан айрылды, бірақ АҚШ-та тағы төрт консулдығы және Вашингтондағы елшілігі бар.

Жұма күні қытай дипломаттарының Хьюстондағы консулдығынан кетуінің 72 сағаттық мерзімі аяқталғаннан кейін журналистер АҚШ шенеуніктері болып көрінген ер адамдар ғимаратқа кіру үшін есік ашуға тырысып жатқанын көрген.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонның Пекин зияткерлік меншікті «ұрлап жатқандығына» байланысты әрекет жасады деп мәлімдеді.

Қытай СІМ-нің өкілі Ван Вэнбин АҚШ-тың бұл әрекеті «Қытайға қарсы жалған шым-шытырықөтірікке» негізделген деп жауап берді.

Неліктен Қытай мен АҚШ арасында шиеленіс бар?

Бұл көріністе көптеген нәрсе бар. АҚШ шенеуніктері Ковид-19-ның ғаламдық таралуына Қытайды айыптады. Нақтырақ айтсақ, президент Трамп дәлелсіз деректер арқылы, вирусты Ухандағы қытайлық зертханадан шыққан деп мәлімдеді. Наурыз айында Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі дәлелсіз ескертпелермен АҚШ әскери күштері Уханға вирус әкелуі мүмкін деп айтқан.

АҚШ пен Қытай 2018 жылдан бастап тарифтік соғыс құрсауында қалды.

Трамп мырза ұзақ уақыт бойы Қытайды әділетсіз сауда тәжірибесі мен зияткерлік меншік ұрлығы үшін айыптады, бірақ Пекинде АҚШ-тың жаһандық экономикалық держава ретінде Қытайдың өсуін тежеуге тырысады деген пікір бар.

АҚШ Шыңжаңдағы мұсылман аз тобына қарсы адам құқығын бұзғаны үшін жауап беретін қытай саясаткерлеріне де санкциялар енгізді. АҚШ Қытайды жаппай тұтқындауға, діни қудалауға және ұйғырларды мәжбүрлеп  стерильдеуде деп айыптайды. Пекин бұл айыптауларды жоққа шығарып, АҚШ-ты ішкі істеріне «өрескел араласып отыр» деп кінәлады.

 Аударған: Нағима БАЗАРҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер