Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров қайтыс болды

3367
Adyrna.kz Telegram

Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров қайтыс болды. Бұл туралы белгілі қаламгер Жанарбек Әшімжан өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

"Жолы да,жалы да,жоны да бөлек Жоланым-ай... Арысым-ай... Батырым-ай... Кейінгі буынның ішінде оза шауып,елдің көшін бастаған санаулы саңлақ едің. Кеген-Райымбек ауданын сәтімен түлетіп,Талғар халқын да ретімен қуантып келе жатыр едің ғой...
Сенім мен Үміттің,жауапкершілік пен нәтиженің қадірін арттырған,ел-халықтың жағдайынан басқа уайымың жоқ еді. Нағыз кемеліңе келген шағың еді,Жасаған берген жан бауырым-ай. Інім-ай!Аңқылдаған ақжүрегім!Балдағы алтын семсерім-ай!
... Неше күннен бері жүрегім суылдап жүр еді. Дұға тілеп едім. "Жамандықтың алдын жақсы жаңалықтар алады" деп,көңілді ноталармен назарды басқа жаққа бұруға тырысып бағып едік... "Жолантай,батыр ғой,бәрін жеңіп тік тұрып кетсе екен" деп Құдай тағаладан тілеп едік.
Сені көрген сайын алқымын әппақ сақалы жапқан 80-90-дағы алып абыз қария көз алдыма келетін еді.
Қос өкпең ешқашан алқынбап еді ғой,алқынса да елдік істерда ғана алқынатын еді ғой... Атың өшкір қу індет. Іргемді қиратып кеткенің-ай...
Көрмеген көшеңде Жаратқан Ием панасына алсын,жарығым. Иман нұрың пейіштің төрінде шалқысын. Қандай қиын... Мемлекетке керек ең сапалы Азаматтардың бірі кетті арамыздан" деген жазба қалдырған Жанарбек Әшімжан.
Артынан "Бүгін таңертең аудан әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды. Жолан Ыбырайақынұлы 1979 жылы туған. Туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп аудандық әкімдік те хабарлады.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер