Аймақтардағы ауыз су ахуалы қалай шешімін табуда?

3402
Adyrna.kz Telegram

   2019 жылы үкімет басшысы Асқар Маминнің тапсырмасымен елді мекендерді жүз пайыз ауыз сумен жабдықтау және оларға су жеткізу бойынша жол картасы әзірленген болатын. Министрдің сөзінше, жүргізілетін жұмыстардың нәтежиесінде 2023 жылдың соңына қарай аймақтар ауыз сумен толыққанды қамтамасыз етілуі тиіс.

  Тіршілік көзін халыққа қолжетімді етуде нақтылы қадамдарды жүзеге асырып жатқан аймақтың бірі – Түркістан облысы. Жаңадан салынып жатқан әкімшілік-іскерлік, мәдени-рухани орталықтардағы нысандарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, облыс әкімдігі тиісті министрліктермен бірлесе отырып жол картасын әзірлеген. Бүгінгі таңда мердігер мекеме 15,1 шақырым суаққының құрылысын аяқтады. Жобаға сай алдағы уақытта ұзындығы 45,9 шақырым магистралды суаққы салу көзделуде.

  Сонымен қатар, Кентау мен Түркістан қаласының резервуарына дейін магистралдық су тартқыш салу жобасы жүзеге асып жатыр. Түркістан облысыбюджетінен жүзеге асқан жоба аясындасыйымдылығы 2х10000 м3 топтамасы мен Біресек, Оранғай, Мырғалымсай сыртқы су жүйелерінің құрылысы және 5 дана су ұңғымасын қазу жұмыстары  қарастырылған.

    Түркістан облысынан бөлек ауыз су мәселесін шешуде оңтайлы жұмыс атқарып жатқан – Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданы. Аудан әкімі Рахат Елтизаровтың айтуынша,  ауданды жаз мезгілінде ауыз сумен қамтамасыз ету – оңай шаруа емес. Себебі бір тәулікке 35 мың текше метр су қажет екен.

172 мың адам тұратын ауданға «Каспий» су тұщыту зауыты тәулігіне шамамен 14 мың текше метр су жіберіп тұрады. Алайда, бұл қажеттіліктің тек 40% ғана өтейді.

  Аймақтағы мәселені шешу үшін аудан әкімдігі төмендегідей іс-шараларды атқаруда:

1) Құбырдағы ауыз судың қысымын арттыру мақсатында 3 жерге қосымша су айдайтын насостар орнатылған.

2) Құбыр арқылы алуға мүмкіншілігі жоқтұрғындар үшін 53 су таситын автокөліктер арқылы тасымалданып тұрады. Бір тәуліктешамамен 600-650 рейс су жеткізіледі.

Әкімдік өкілдері жергілікті тұрғындардан жаз айларында ауыз суды барынша үнемдеуге шақырады. Тіпті, кейбір тұрғындар үйлеріне рұқсатсыз насостар орнатып алған. Мұның соңы жүйедегі гидравликалық режимді бұзады .Нәтижесінде су құбырының соңғы жағында үйлерге ауыз су мүлдем жетпей қалады.

Қазіргі таңда аудан халқының 74 пайызы ауыз суды құбырдан ішеді. Жылдағы мәселені шешу үшін биыл комерциялық мақсаттағы заңды тұлғаларға су үлестіру тоқтап, аудан тұрғындарының сұранысын өтеуге басымдық берілуде.

Тексерістер барысында негізсіз насос орнатқантұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіп тұрады.

  Ауыз суға аузы тиіп, қуанышы қойнына сыймай жүрген ағайынның бір парасы Қордай ауданында. Ауданда 30 ауыл орталық ауыз су жүйесімен қамтылған, 11 елді мекен кезегін күтуде. Қақпатас, Беріктас, Қызылсай, Жаңатұрмыс, Жамбыл,  Қалғұты, Бетқайнар, Ауқатты, Әлжан ана, аудан орталығының тұрғын үй алқаптарында сумен қамту жүйелері іске қосылды.

Биылғы жылы Қарасу ауылында осындай жүйе құрылысы басталды. Кезек Арал ауылына жетіп, мемлекет бюджетінен жаңа сумен қамту жүйесін жүргізу мақсатында қаражат бөлінген. Арнайы мамандар су қорын растап, зертханалық зерттеу бойынша судың ешбір қоспасыз санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай екеніне көз жеткізген.

 Жаңа су құбыры іске қосылған күнде 1500 астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жоспарға сай сыйымдылығы 150 текше метр екі резервуар-жинақтауыш, сусорғы стансасы, бактерицидтік құрылғы орнатылатын ғимарат  тұрғызылады. Құбырға түсер алдында ультракүлгін сәулелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша судың жоғары сапасы қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, электр өшіп қалған жағдайда қолдану үшін құрылысшылар автономиялық резервтік дизель электр стансасын салуды қарастыруда. Қажетті техника, дәнекерлеу құрал-жабдығы, басқа да құрал-саймандары сай жұмысшылар ауылға су тарту жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр.

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер