АҚШ Қытайдың Хьюстондағы елшілігін жабуды бұйырды

2590
Adyrna.kz Telegram

Жұма күні АҚШ Қытайға Техас штатының Хьюстон қаласындағы консулдығын жабуды бұйырды.  Пекин бұл жағдайды «саяси арандату» деп сипаттады.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл шешім Қытайдың зияткерлік меншікті «ұрлап жатқандығына» байланысты қабылданғанын айтты.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі Twitterге жазылған бұл әрекетті айыптап, Вашингтондағы елшілігінде де қауіпті қорқытушылық болғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Хьюстон ғимаратының ауласындағы қоқыс жәшігіне белгісіз адамдар қағаз жағып жатқанын түсірген.

Біраз уақыттан бері АҚШ пен Қытай арасында шиеленістер өршіп келеді. Президент Дональд Трамптың әкімшілігі Бейжіңмен сауда және коронавирустық пандемияға қатысты бірнеше рет шиеленіс жасады, сонымен бірге, Қытай Гонконгқа қауіпсіздік туралы даулы жаңа заң қабылдағанына да қатысты сөз козғалған еді.

Содан кейін сейсенбіде АҚШ әділет министрлігі Қытайды Ковид-19 вакциналарын жасайтын зертханаларға бағытталған хакерлерге демеушілік жасады деп айыптады. АҚШ-тың зерттеу компанияларына тыңшылық жасаған және басқа ұрлық үшін мемлекеттік агенттерден көмек алған екі Қытай азаматына айып тағылды.

Сәрсенбіде өткен баспасөз конференциясында Трамп мырза Қытай консулдықтарының көбін жабуға бұйрық беретіні «әрқашан мүмкін» деп мәлімдеді.

 ВВС ақпарат агентінен

аударған: Нағима Базарқызы,

"Адырна" ұлттық арнасы

Пікірлер