Ел бірлігін сақтаймын десеңіздер Асхат Аймағамбетовтен алысырақ жүріңіздер!

4100

Білім және ғылым министрлігіне Асхат Аймағамбетов келгелі министрлік жұмысы қоғам тарапынан жоғары бағаланып келеді. Кейінгі кездері іскер министрге күйе жағуға әрекеттеніп жатқанқандар да бар екен. Мира Барказатқызы оларға Аймағамбетовтен алыс жүруін өтінді. 

Ел бірлігін сақтаймын десеңіздер Асхат Аймағамбетовтен алысырақ жүріңіздер!

Еңбегі көп:
- Мұғалімдермен бірлесе, ақылдаса іс жүргізді
- шығынға батып, өзін - өзі ақтамаған ЖОО жапты
- ең қиын сәтте оңтайлы шешім қабылдай білді
- ҰБТ , КТ - ның әділ өтуіне күш салды
- Басқару менеджментін қайта құруды жоспарлап, Білім басқармаларын әкімдерден алып, министрлікке бағындыруды қолға алды
- “Әліппе” мен “Ана тілін” қайта қалпына келтірді. Бәлкім бұл айтылғандар “пандемия” болмағанда биыл орындалар ма еді?!
Енді жала жапқандарға да мойын бұрайық, “жауын елемеген жаралы болады” дейді халық. Жау қайдан шықты?

Жылдар бойы шала жазылған оқулық шығарып, ақша жеп келгендерден;

жалған, шала -жансар бағдарламаны тамыр-таныс арқылы өткізгендерден;

бұрынғы министрмен (Сағадиев заманынан) бірге “жеп”, үкіметте отырған дөкей ағасы бар қызметкерден;

КТ тапсырғанда әйелі (туысы) өтпей қалған дөкей депуттардан;

дипломы плагиат болған доктор, академиктерден;

жасанды дипломмен “күйіп кеткендерден”;

ҰБТ -да (баласына ақшамен жоғарғы балл алып бергіштер) жолы болмаған менмендеу біреуден келді.

“Жұт жеті ағайынды” дейді халық. Ел ашынып отырғанда, қайғыдан қан жұтып, көңілі қапа болғанда, сырқаты меңдеп мең-зең болғанда, Білім министрі Асхат Аймағамбетовтен басқа қайрат қылған қай министр бар?!

Денсаулық министрі халықты демегеннің орнына дәрі сатты, өлікті сатты, көр қазуды сатты, тіпті әр азамат жұмысқа тұру үшін денсаулығы туралы анықтаманы сатты. Осыны жазғанда әлдекімннің мүддесін қорғаудан аулақпын. Көзім көріп, көңілім сенген соң айтуды азаматтық парыз санадым. Атқарылатын істің жолы енді ашылғанда бөгет болмаңыздар! Енді төрт жылдан соң, өзі де тізгінді басқаға береді.

Мира Барказатқызы

Пікірлер
Редакция таңдауы