Көбейтұздан тұз алдың ба? Онда жазаланасың!

3378
Adyrna.kz Telegram

      Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді бақылау тобы адамдардың демалыс күндері көп шоғырланатын «Көбейтұз», «Теңіз» көлдеріне рейд өткізді. Аудан әкімі Абай Еламанұлы көлде демалушылар арасында ауданда коронавирус ауруының кең таралуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы түсініктеме жүргізді, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы аудан әкімдігінің Facebook парақшасынасілтеме жасай отырып хабарлайды.

        13.07.2020 жылғы Ерейментау ауданы әкімі А.Е.  Алжанов өткізген жеде штаб отырысының хаттамасынан: Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID 19 ауруының өсуіне байланысты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы №86 бұйрығына сәйкес «Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы», Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін -  Ерейментау ауданы шекарасының аумағында орналасқан «Көбейтұз», «Құрбет», «Теңіз», «Қоржынкөл» және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады.

      Экология министрлігінің баспасөз хатшысыда Facebook парақшасында министрлік тарапынан да Көбейтұзды қорғауға қатысты шаралар қолға алынатындығын айтты.  Туристердің көл жағалауын қоқысқа толтырып ластауы және табиғи тұзды өздерімен бірге көп мөлшерде әкетуі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бүгін көлге арнайы тексеріспен барды.

      Соңғы уақытта қазақстандықтардың Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне жаппай баруынабайланысты көл жағалауының тұрмыстық қоқыстарға толуы, ондағы табиғи тұзды рұқсатсыз алып кетуі, келушілердің жерошақ жағуы және аймақта уақытша құрылыстардың көбеюі ​ жиілеген.

     Осыған орай, Қазақстанның Экология министрлігі көлге келушілерге заңға сәйкес тиісті әкімшілік жаза бар екенін ескертеді. Көлге шомылудың белгіленген тәртібін, санитарлық норманы және экологиялық заңнаманы бұзушылар жазаға тартылады. Тәртіпті бұзушыларға айыппұл салынады.

https://scontent.ftse4-1.fna.fbcdn.net/v/t1.0-9/111630163_10163785044260317_1136301007221569127_n.jpg?_nc_cat=106&_nc_sid=8bfeb9&_nc_ohc=bjGrG7Yd-lwAX-oUt6m&_nc_ht=scontent.ftse4-1.fna&oh=089f873ac07e31815b145c02bf6e3817&oe=5F3DC7F2

     Көбейтұз көлі бірегей әрі ерекше табиғи көл (әлемде мұндай 8 көл ғана бар). Ол бірнеше жылда бір рет қызғылт түске боялып отырады. Судың қызғылт реңге боялуына негізінен тұзды теңіздерді мекендейтін біржасушалы дуналиелла сортаңды су балдыры әсер етеді деп саналады. Демек, көлдің тұзды болуының арқасында бұл балдырлар пайдаболған.

      Табиғаттың ерекше құбылысына залал келтіру мен кейбір адамдардың жауапсыз әрекеті көлдің суалуына, тіпті кейіннен жойылуына әкелуі мүмкін.

      Көл теңіз деңгейінен 253 м биіктікте, Ақмола облысы Ерейментау ауданының Өлеңті ауылдық округінің аумағында орналасқан. Көлдің ауданы - 690 га, тереңдігі - 1,5 м.

       ҚР Экология министрлігінің өкілдері қазақстандықтарды табиғатты аялауға шақырады! Тек біздің бірлескен іс-қимылымыз бенэкологиялық сана-сезіміміз табиғаттың байлығын сақтауға көмектеседі!

       Экология министрлігі Көбейтұз көлін қорғау үшін қатаң әрі шұғыл шаралар қабылдауға ниетті. Қабылданған шаралар туралы кейінірекхабарланады, делінген Самал Ибраеваныңжазбасында.

      Жалпы сол Көбейтұзға барып, болып жатқан көріністерді өз көздерімен көрген табиғат жанашырларының  әлеуметтік желідегі жазбалары мен айтқан әңгімелерінен  біз осы «Жүрген жерлеріңе шөп шықпағырлар» деген қарғысқа ілінгенбіз ба деген ой келеді.  

      Тіпті желіде Көбейтұздың  тұзы неше түрлі ауруға ем, коронавирусты да емдейді, 1 килограмы – 5000 теңге тұрады деген хабарландырулар да жүр.

АДЫРНА ҰЛТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Пікірлер