ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің назарына!
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мырзаның назарына!
Үкімет тамызға дейін ел көлемінде карантин жариялады. Мақсаты індеттің алдын алу. Күніне қаншама адамды ортамыздан әкетіп жатқан тәж тажалдың аптығын басу. Кеше ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық Тестілеу орталығы республика бойынша 19 пунктте тест өткізіпті. 21 маусым мен 1 шілде арасында коронавируске байланысты ауырып қалғаны бар, тест кезінде қызуы көтерілгені бар 2200-ден астам түлектің тестті кейін тапсыратыны белгілі болған. Карантин уақытында осыншама адамды жинауға кім рұқсат етті Аймағамбетов мырза?
Сіздер тест тапсыру кезінде арақашықтықты сақтаймыз деп ақталатын шығарсыздар. Бірақ, Алматы қаласында бір жерге 300-ге жуық түлек бір уақытта тапсырмақшы болды. Ұйымдастырушылар пцр туралы ақпарат неге бермегенсіздер? Тестті бақылаушылар мен мұғалімдер ковидке тест тапсырмаған. Неге бұндай шаралар Үкіметтік деңгейде келісілмеген? Неге жергілікті санитарлық дәрігерлердің мақұлдауымен өткізіледі? иНеге Үкіметтік комиссияның шешімі жоқ? Айта берсе сұрақ көп. Жауап жоқ. Мемлекет өзі шоғырлану, ешқандай іс-шара өтпесін дейді.ү Әлде, санитарлық дәрігер рұқсат берсе кез-келген қауіпті іс-шара өте бере ме?
Үкімет карантин уақытында іс-шаралар өткізуге тиым салды. Қауіпті індет кезінде осыншама абитуриенттен бөлек қаншама бақылаушы, мұғалім, қызметкерлер де қатысты. Олардың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Олардан тест сынамасы алынып барып жіберілді ме? Егер Ұлттық Тестілеу орталығының мамандары ауырып қалса ҰТО басшысы Дидар Смағұлов жауап бере ме?
Айдос Шымырбай
сурет ашық интернет көзінен алынды