Қазақстандықтар 5 300 теңгеден көмек алады

1899

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үстіміздегі жылдың шілде айына азық-түлік пен тұрмыстық заттар орынына қаражат қарастырылғанын мәлімдеді.

Қазақстандықтар 20-шілдеден бастап айдың аяғына дейін 5 300 теңгеден ақша алады. Бұл көмек 5-ші әлеуметтік топқа жататын азаматтарға беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар мәліметтерге сүйене отырып көмекке мұқтаж азаматтар тізімін жасайды. Содан соң олардың банк картасына 2АЕК көлеміндегі қаражат жіберіледі.

5-ші әлеуметтік топқа келесі санаттағы азаматтар кіреді:

- атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
- 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;
- І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отқан ата-аналар;
- жергілікті жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Адамдармен қарым-қатынасты азайту мақсатында азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығын қаражат ретінде тағайындау туралы шешім қабылданған. Наурыз айынан мамыр айына дейін 1 миллион адамға 13,5 миллиард теңге қаражат жіберілді.

Еске сала кетейік, 14-шілде күні Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығының орынына қаржылай көмек беруді тапсырған.

BAİRAQ.KZ

Пікірлер
Редакция таңдауы