«Исламтану» мамандығына түсем десеңіз..

5334
Adyrna.kz Telegram

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мамандық саны тағы да толықты. «Философия және саясаттану» факультеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында 2018-жылы "Исламтану" мамандығы ашылды. Осыған дейін бұл мамандықты докторантура және магистратура деңгейінде оқуға болатын еді. Бұл жерде білімді жастарды, нағыз білікті мамандар дайындайды. Ең бастысы унивеситетімізде басқа елдермен байланыс орнатылған. Студенттерге шетелге шығу мүмкіндігі қарастырылған ( Түркия, Қытай, АҚШ т.б.). Мамандығымыздың басты мақсаты- дін саласында сауатты, тереңінен ойлап, түйінді ой шығара алатын, мәселеге жан-жақты талдау жасай алатын мамандар дайындау, еліміздегі тыныштық пен берекені сақтауға үлес қоса алатын білікті мамандар дайындап шығару. Исламтану – ислам дінінің тарихын, қағидаларын, мұсылман халықтарының мәдениетін, құқығын, экономикасын зерттейтін дінтанулық пән. Дін тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Сондықтан, дін мәселесі – руханият мәселесі. Исламтанудың негізгі міндеті – ислам діні, оның рухани құндылықтары, ізбасарларының бағдарлары туралы халыққа объективті ақпарат ұсынуды үйрету.
Осы мамандықтарға түсу үшін талапкерлер арнайы пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан тапсырады:
1)Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу;
2)Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан.
Бұл мамандықты бітіргеннен кейін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты;
Қазақстан Республикасы қалаларының және облыстарының әкімдіктері - Дін істері жөніндегі басқармасы;
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сияқты белді жерлерден тәжірбие мен жұмыстан өте аласыз.
Дәріс беретін ұстаздарымыз теология саласынан ойып тұрып орын алған білікті жандар. Кафедрамызда оқу үшін барлық жағдайлар жасылған. Студенттер үшін соңғы технологиялармен қамтылған кабинеттер, қазынаға мол кітапхана, іздегеннін бәрі табылады. ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені. Сіздерді, осы бір керемет мамандықты біздің университетімізде оқуға шақырамын.
Қорыта айтқанда, әл- Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп бекер айтпаған болса керек. Болашақ маман ретінде алдымызға қояр мақсатымыз тәртіпті, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда қара шаңырақтың бізге үйретері көп.

Елиза НҰРАХЫМАН,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің 2-курс студенті

Пікірлер