Әскерилер індеттен қаза тапқандарды аза тұтты

2851
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл күні мемлекеттік мекемелердегі Мемлекеттік ТУ төмен түсіріліп, барлық мәдени іс-шаралар тоқтатылады.

Ұлттық аза тұту күнінде әскерилер бір минут үнсіздік жариялау рәсімін өткізді. Коронавирус індетінен қаза болған азаматтарға әскерилер бас киімдерін шешу арқылы тағзым етті.

«Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті ешкімге оңай тиіп отырған жоқ. Бұл індет еліміздегі белгілі қайраткерлер мен сол індетпен күресу жолында қаза тапқан ақ халатты абзал жандарды және ел азаматтарын арамыздан алып кетті. Осындай сәтте біз біртұтас мемлекет екенімізді көрсетуіміз керек. Қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Жақынымызға жанашыр бола білейік», -деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Акишев Арынғали.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 51059-ға жетті. Оның 16928-і аурудан жазылса, 280 науқас көз жұмған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер