Министр Цой волонтерлердің видеосына жауап берді

2713
Adyrna.kz Telegram

Министр  Facebook-тен Аида Букаеваның үндеуін көрген. Дереу хабарласып, мән-жайды білген.

"Бірнеше ай бойы ол қоғамдық негізде медицина қызметкерлеріне ауруханаларда көмектесіп жүр, пациенттерге қарайды, еден жуады, сусындар әкеледі. Оқиғаның эпицентрінде жүре тұра, ол дәрігерлеріміз қалай ерлікпен жұмыс істеп жатқанын, сондай-ақ қызмет барысында кездесетін қиындықтарды да көреді. Бүгінде жағдайға бей-жай қарамайтын адамдар маған барлық оқиғаны объективті жеткізуге, емдеу бойынша қарапайым шараларды түсіндіруге, қайырымдылық көмек көрсету және басқалары бойынша ұсыныстарын айтады.

Біз медициналық ұйымдардың ішіндегі жағдайға қарамастан дайын адамдардан халықтық бақылау жасауға келістік. Жағдайды нақты бағалау үшін. Көмек көретуге ұсыныстар жасау, дәрі-дәрмек жеткілікті ме, барлық қызметкер жеткілікті қорғалған ба, пациенттерге көмек қалай көрсетіледі, басшылық ұжымға және науқастарға жеткілікті деңгейде көңіл бөле ме және басқалары бақыланады. Қажет болған жағдайда қатаң шаралар да қолданамыз, әсіресе сыбайлас жемқорлық сипатындағы және дәрі-дәрмектерді қайта сату бойынша", - деді Цой.

Министрдің сөзінше, Аида Букаева халықтық бақылау жұмысын  өз мойнына алуға келіскен.  Өңірлерге шығуға да дайын.  Барлық аймақтан осындай жұмыстарға қатысуға дайын мейірімді жандар шақырылып жатыр. Ұлттық еріктілер желісі осы жобаға қатысуға ниет білдірген.

Медициналық ұйымдарға қолжетімдікті  толықтай қамтамасыз етеміз. Аида Букаева бұл қызметті БАҚ-та жариялап, халыққа жеткізуімді өтінді. Мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен келіссөз жүргіздім, ол мұны қолдауға уәде берді. Қазір үнемі байланыста болатын үйлестірушіні іздестіріп жатырмыз, - деді министр.

Аида Букаеваның министрге жолдаған видеоүндеуін сілтемеден  көре аласыз.

Пікірлер