Киім таңдауда әр адамның өз сүйікті түсі болады. Бәлкім, сіз де өз гардеробыңызда бір түстің өзге түстерге қарағанда көбірек екенін байқаған шығарсыз? Құрметті оқырман, бұл жай сәйкестік емес. Осындай бірыңғай түстер үйлесімі сіздің ішкі жан дүниеңізді бейнелеуге септігін тигізеді. Ендеше түстер арқылы жан сұлулығыңызға үңіліп көрейік.
Қызыл түс
Қызыл түс жүрек соғу жиілігін және тыныс алуды жоғарылатады. Адамның бұл түске деген махаббаты оның мақсатшыл екенін білдіреді, кейде ашушаң болуы да мүмкін. Сіз үнемі алда жүресіз және киімде ең батыл экспериментке дайынсыз. Әдетте, сіз ұмтылған нәрсеге қол жеткізесіз және сізге қарсы тұру қиын. Сіз жігерлі, тік мінезді адамсыз. Бұл түсті ұнататын адамдардың өз-өзіне сенімді әрі тұрақты екені дәлелденген.
Көк түс
Сіз сирек күлесіз. Сеніміңізге кіру өте қиын. Сақ адамсыз, тек "жақыным" деп қабылдаған адамдарға ғана сенесіз.Сіз өте тыныш адамдар қатарына жатасыз. Көгілдір түске қараған кезде импульс, қан қысымы, тыныс алу жиілігі төмендейді. Өзіңізді қоғамға керек адамдар қатарына жатқызасыз.
Ақ түс
Ақ - бостандықтың, тазалықтың, кінәсіздіктің және қарапайымдылықтың символы. Сондықтан өмірді нөлден бастағымыз келсе, біз өзімізге ақ нәрсе сатып аламыз.Ақ түс сенімді адамдарды тартады. Бұл түсті таңдайтындар өмірге оптимистік көзқараспен қарайды. Олар әр нәрсені ұқыпты ұстайтын, жаңа бастағандарды жақсы көретін және жетілуге ұмтылатын адамдар.
Күлгін түс
Күлгін түс - қызыл мен көктіңқосындысы. Яғни,сіз бір уақытта тыныш әрі эмоционалды бола аласыз. Бұл түс барлық стандартты емес элементтерді білдіреді. Күлгін түсті ұнатушылар сиқырлы қарым-қатынасты қалайды және көп қиялдайды.
Қызғылт түс
Қызғылт түс - бұл жұмсақтық, нәзіктік, мейірімділік пен сезімталдықтың түсі. Қызғылт - қызыл және ақ түстің қоспасы, яғни еркіндік құмарлықты жеңілдетеді. Егер сіз бұл түсті жақсы көретін болсаңыз кез-келген қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермейсіз . Өзіне осы түсті таңдаған адам жеңіл, жайлы әлемде өмір сүруді жөн көреді.
Жасыл түс
Көптеген адамдар үшін сіз жұмбақсыз. Бұл құпиялық сіздің сүйкімділігіңіздің басты себебі, сондықтан оны жоғалтпауға тырысыңыз. Мәңгі жасылға деген сүйіспеншілік сіздің еңбекқор екеніңізді білдіреді. Сіз өзгелерге ұнағыңыз келеді, бірақ өзгелердің ой-пікірінен қашасыз.
Сары түс
Сіз сабырлы, мейірімді және көңілді адамсыз. Сары түсті таңдайтын адамдар өзгеріс пен еркіндікті қалайды, сол себепті бұл адамдар тұрақсыз болып келеді. Қиындыққа оңай төтеп бере алады.
Көк түс
Сіз қамқор және көңілді адамсыз. Ашық көк - абайсыздық пен ұқыпсыздықтың түсі, өйткені ол талап қоймайды. Сіз басқаларды ашуландырмайсыз, себебі дауласудан қашасыз. Сертке берік жансыз.
Қоңыр түс
Қоңыр түске құмар адамдар кез-келген істі оңай игереді. Сіз ешқайда асықпауға тырысасыз . Бүгінде бұл сирек кездесетін қасиет. Бұл түсті қалайтын адамдар физикалық демалуды, тыныштықты қалайды. Сондай-ақ, өз денсаулығына үлкен мән береді. Олар отбасыға ерекше мән беретін адамдарды жақсы көреді. Қоңыр түсті жиі киетін адам өзінің жеке "менін" іздеуші.
Қара түс
Қара - толық жетілудің түсі. Сондықтан ол «ештеңе» идеясын білдіреді. Бұл түсті талғампаздар таңдайды . Қара киімде сіз әрқашан таңғажайып көрінесіз. Бұл сізде бөлісуге асықпайтын көптеген құпияның бар екенін көрсетеді.Қара киімді ұнататындар мақсатшыл келеді, сонымен бірге өте сезімтал. Әдетте, олар эмоционалды, алайда оны жасыруға тырысады.
Диана АСАНОВА,
«Адырна» ұлттық порталы