Нұртөре Жүсіп жас тілшілерге ақ батасын берді

1071

  2020 жылдың 7 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің түлегі,  Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, Нұртөре Жүсіп инстаграм парақшасында (@journalism_kaznu) тікелей эфирде дәріс өткізді.

Нұртөре ағамыз  тікелей эфирде «Неге журнал, газет, кітап оқитын жастарымыз саусақпен санарлықтай аз, мұншалықты төмендеуіне не себеп?», «Журналист – қоғам мен адамды байланыстырушы күш. Сіз не себепті журналист болдыңыз?», «Қазақ журналистикасына не жетіспейді?» деген жас тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Болашақ журналисттерге кеңес беру үшін ең алдымен тілшінің қандай болуы керектігіне тоқталды: «Журналист - жүректі адамның ісі және бұл саланың маманы болуы үшін ой мен тіл парасаттылығы керек. Яғни, журналист ең алдымен сауатты және амбебап болуы тиіс. Оған қоса, әдебиет - ардың ісі болса, журналист болу да ардың ісі. Себебі журналист - адал, әділ болуы керек. Нағыз журналист - ұлтын сүйетін, ұлтты сүйе отырып, ұлтына қызмет ететін адам. Олар елімізде кандай жағдай орын алмасын, майданда жүрген жауынгерлер іспеттес! Абай атамыз айтқандай: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ». Журналисттің бойында осы айтылған қасиеттердің барлығы болуы қажет» деп жастарға ақылын айтты.

Қорытындылай келе, Нұртөре Жүсіп болашақ тілшілерге ақ батасын беріп, «Шетелдік журналистердің жетіп жатқан жетістіктері бізді қамшылай түседі. Біздің болашағымыз сендерсіндер, яғни рухы өр, ойы еркін жастар» деген сөздерімен эфирін аяқтады.

Айта кетейік, Нұртөре Жүсіп 1990 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1996 жылдан - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы. 2002 жылдан - «Ақ жол, Қазақстан» газетінің бас редакторы. 2005 жылдан - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ бас директоры. 2007 жылдан - «Астана хабары» газетінің бас редакторы. 2008 жылдан бері - «Айқын» газетінің бас редакторы «Құрмет» орденімен (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының Б. Бұлқышев атындағы сыйлығының (1995), БАҚ саласындағы Президенттік сыйлықтың (1998), «Алтын Адам» сыйлығының (2000) лауреаты.

Мұрат Қымбат,

Алматы қ. НЗМ мектебі түлегі

Пікірлер
Редакция таңдауы