Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері пневмониядан қайтыс болды

3547
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/almaty-oblysy.jpg
Бүгін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды. 
Қайғылы жағдайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады. «Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (...) Пневмония», - деді Ғ.Жүкел.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты.
«Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», - деп жазды А. Баталов фейсбуктегі парақшасында.
Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне 2019 жылдың 23 мамырынан бастап  келген.  

ҚазАқпарат

Комментарии