Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған әжейді аман алып қалды (видео)

3037
Adyrna.kz Telegram

Өкпесіндегі дерті асқынған әжей Галина Хрущева 2020 жылдың 26 маусымы күні қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлер егде жастағы кісіге “Пневмония” диагнозын қойған.

Қарт кісіні тексере келе мамандар оның өкпесінің 90 пайызы зақымданғанын анықтайды. Бұған қоса науқастың өкпесінен қан кеткен.

Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді 30 маусым күні жансақтау бөліміне ауыстырады. Жансақтау бөлімінде науқасқа COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі.

Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 06.07.2020 жылы ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы дейді. Ал әжей өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына алғысын білдірді.

"Барлық медицина мамандарына алғыс айтамын! Әрдайым сақтанып жүріңіздер”, - дейді 82 жастағы Галина Хрущева.

Шымкент

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер