Журналист болғым келеді

5473
Adyrna.kz Telegram

Адамның арманы ешқашан адастырмасы анық.Менің кішкентай кезден армандаған мамандығым журналист болу еді. Өсе келе осы мамандыққа деген ынтықтығым арта түсті.Журналист мамандығы әрқашан болып жатқан ақпараттың алғы шебінде жүру,қайнаған қызу тіршіліктің бел ортасынан табылуымен , жаңалықтың жаршысы болуымен ерекшеленеді.Бүгінгі күннің журналистерінің тіршілігі тіпті қайнай түскендей көрінеді маған.Жұртқа жылдам әрі нақты ақпарат беру,берген ақпаратыңның шынайы болуы саған зор жауапкершілік жүктейді.Журналист мамандығы адамдар мен билік арасындағы алтын көпір іспетті.Адамдарға көмектесу олардың жанайқайына құлақ асу,қиындық көрген , тағдыр тауқыметін тартқан жандарға жәрдемдесу нағыз журналистің қолынан келетін шаруа. Ұлы ойшыл,қазақтың бас ақыны Абай атамыздың : «сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан» деген сөзі әрбір қазақ баласының жүрегіне жақын. Ақын атамыздың осы сөзі маған да үлкен ой салды. Мен де елімнің өркендеуіне,Қазақстанымның гүлденуіне өз үлесімді қосқым келеді.Қазық халқына кеңінен танылған,әр адамға қолынан келер көмегін тигізе білген көптеген қазақ журналистерінің елге сіңірген өлшеусіз еңбектерімен танысып,шапағатты істерінен өнеге-үлгі алып келемін.Атап айтсам: Камал Смаилов,Нұртілеу Иманғалиев, спорт журналисі Несіп Жүнісбаев,кеше ғана өмірден өткен ағамыз Бейсен Құранбек ,Дана Нұржігіт .Айта берсем өте көп.Журналист мамандығы- тазалықты,шыншылдықты,білімділікті,әр оқиғаны өз жүрегіңнен өткізе алатын сезімталдықты талап ететін ерекше мамандық.Осы қасиеттердің бәрі бойыңнан табылғанда ғана нағыз журналист боларың сөзсіз. Осы жоғарыда аттары аталған ағаларым мен әпкелеріме еліктеп журналист болсам деп көп армандадым.Мектепті бітіргеннен кейін осы арманымның орындалуын өзіме мақсат етіп қойып отырмын.Жоғары оқу орнына түсіп,журналист мамандығын алуға бет бұрдым. Жаны жабырқаған ададарға көмектесіп,әділдік жолын ұстанғым келеді.Халыққа тез әрі сапалы жаңалықтар жеткізгім келеді.Қазақ журналистикасын жоғары деңгейге көтерсем деген де арманым жоқ емес. Осы мамандықтың қыры мен сырына үңіліп, қиындығы мен қызығы қатар жүретін ғажайып мамандықты жаңа бір қырынан танытсам деймін.Арманның алдамайтынын да жақсы білемін.Үнемі ізденісте жүріп, жаңалыққа жаны құмар ,еліне жаны ашитын адал журналист болғым келеді.Елім менің өсіп білім алуыма, ер жетіп есті азамат болуыма жәрдемін берген кезде мен неге өз еліме қолымнан келер көмегімді беруге ұмтылмаймын деген ойлар мені көптен бері мазалап жүр. «Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап,аспан қайдан ашылмақ» демекші мен де елімнің өркендеуі үші өз үлесімді қосқым келеді.Бүгінгі күн білімді де талапты жастардың күні.Жастардың толыққанды шыңдалған азамат болып қалыптасуы үшін елімізде барлық жағдай жасалған.Ендеше қанатымызды кеңге жайып өз арман-мақсатымызды жүзеге асыру жолында неге талпынбасқа,неге талаптанбасқа?! Жүрегіме жақын мамандығымды таңдап,еліме елеулі,халқыма қалаулы жан болғым келеді. «Мен жастарға сенемін деген» Мағжан атамның сенімін ақтағым келеді.

Айымгүл ЕРЛАНҚЫЗЫ

Пікірлер