Қ.Сейдуәлиев: Аурухана басшылығының отставкасын талап етем! (видео)

2635

Түркістан облысы, Келес ауданының хирург дәрігері жұмысқа уақытша орналасқанын растап, басталған істі соңына дейін апаратынын жеткізді.  Бұған дейін жұмысқа орнасқанын хабарлаған едік.

Айтуынша, отбасын асырау үшін жұмысқа уақытша орналасқан. Төрт баласы бар екен.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кінәлілерді жауапқа тартпады,  аурухана басшысының қызметтен кетуін талап етемін дейді.

 "Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мені "қара күйе жақты" деп әлі де кінәлап отыр екен. Сарыағашқа жұмысқа орналасқаным рас. Мен бұл жерде ұзақ уақыт жұмыс жасамаймын, соттың, президенттің шешімі шығам дегенше орналастым. Құдай қаласа өзімнің әділетсіз алынған орныма соттың шешімімен, халықтың көмегімен  баруға ниеттімін. Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Келес аудандық Абай ауруханасының бас дәрігері Аида Бексұлтановнаға, бас дәрігердің орынбасары Сламов Бекзатқа және маған әділетсіздік жасаған мамандарға, басшыларға ешқандай шара қолданған жоқ. Мен соларға шара қолдану үшін соңына дейін барамын.

Құрметті Қазақ елі, маған сіздердің көмектеріңіз керек. Көмек беріңіздер.

Қазір бұлардың барлығы мені кінәлі қылып тұр. Басшыларға бір шара қолданудың орнына мені кінәлап тұр.

Құрметті журналистер, блогерлер, желі қолданушылары,  сіздерден көмек сұраймын.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, маған көмек беріңіз. Әділетсіз алынған орныма қайтадан баруыма көмек беруіңізді сұранам.

Пандемия басылғасын Нұр-Сұлтан қаласына барып, Президентке арыз жазамын.  Аурухана басшылығы өз ісіне  сай емес. Отставкаға кетуін талап етемін", - деді видеосында.

 "Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы