Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 індеті кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдемесі.
Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз!
Құрметті отандастар, қадірлі бауырлар!
Елімізді дүрліктірген індеттің қаупі күннен-күнге өршіп бара жатқаны өздеріңізге мәлім. Ауру айтып келмейді. «Сақтансаң – сақтаймын» демекші, төрткүл әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлық таныту – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері хақ. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің мұсылман қауымын Жаназа намазы мен Құдайы астарға қатысудың келесідей ережесін сақтауға үндейді:- Жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға:
- Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жууға;
- Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптарды орындауға:

Құрметті жамағат!
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Өз-өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп ескертеді. Өз өміріміз бен денсаулығымыз – Алла Тағаланың бізге берген аманаты. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір өсиетінде адам баласының өзіне де, өзгеге де зиян келтіруіне қатаң түрде тыйым салған. Шариғатта қандайда жұқпалы аурудың белгісі тараған кезде аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екені атап айтылған. Сондықтан қазіргідей көзге көрінбейтін зиянды дерт тараған кезде оның алдын алу – әрбір мұсылман баласы үшін міндет.Құрметті, отандастар!
Сізде жөтел пайда болып, бойыңызда дене қызуының жоғарылауы байқалса немесе тыныс алу қиынға соққан жағдайда дер кезінде дәрігерге жүгінуге, сондай-ақ, қоғамдық орындарға, тіпті мешітке келуді тоқтатып, құлшылықтарыңызды үйлеріңізде орындауға кеңес береміз! Алла Тағала елімізді, халқымызды түрлі ауру-сырқаудан сақтағай! Әумин!"Адырна" ұлттық порталы