Билл Гейтс адамзатты жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді

6477
Adyrna.kz Telegram

© Getty Images

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакциналар аурудың тарауын мүлде тоқтататыны туралы қандай да бір кепілдіктің жоғын айтты, - деп хабарлайды ИноТВ.

Алайда, оның айтуынша, басты мәселе вакцинаны әзірлеп, оны тарату емес, адамдарды екпе жасауға көндіру болады екен.

"Сізде вакцинаны салдыру не салдырмауға таңдау болады. Бұл соңғы кедергілердің бірі", - дейді Билл Гейтс.

Вакцинаны әзірлеу туралы миллиардер оны дайындайтын адамдар екіге бөлінетінін айтты: біріншіден, вакцина коронавирусқа қарсы қалай әсер ететінін, екіншіден, вирустың басқа адамдарға тарап кетпеуіне мән беретіндер.

Гейтс әлемдегі және АҚШ-тағы коронавирус жағдайы күткендегіден "қиын" екенін айтады.

Кәсіпкер АҚШ-та вирус жұқтырғандар санының өсуі науқастардың дұрыс тексерістен өтпейтінімен және олармен байланыста болғандар дұрыс зерттелмейтінімен, сондай-ақ жергілікті халық маска тақпайтынымен байланыстырды.

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 28 маусымдағы жағдай бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асып, қайтыс болғандардың саны 125 мыңға жеткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер