Бірегей бақ (видео)

3969
Adyrna.kz Telegram

Әсем Алматының  көз тартатын  демалыс орындары аз емес. Сол қатарға жуырда тағы бір жасыл бақ қосылды. Бұрынғы Алматы ботаникалық бағын қайта қалпына келтіру жұмысытарына Болат Өтемұратов  Қоры 15 млн АҚШ долларын жұмсаған.

«Бұл – қайырымдылық жоба. Оның басталу сәтінен бастап  біз үш негізгі принципті басшылыққа алдық. Біріншісі – бақтың өсімдіктеріне күтіп қарау.  Ботаника және фитоинтродукция институтының қызмкетлерімен бірлесіп оның жасыл қорын сақтап қалу және көбейту.

Екіншісі – шын мәнінде жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік құру үшін дизайнында, сәулетінде және инфрақұрылымды жоспарлауда үздік тәжірибе мен сараптауды қолданып, экологиялық, жоғары сапалы құрылыс материалдарын пайдалану.

Үшіншісі – жобаның ашықтығы және есептілігі.  Оның ішінде, қоғамдық қарастурыды өткізу мен әлеуметтік желілер арқылы қаланың белсенді тұрғындарымен әрі экологиялық ұымдармен қайта құру жұмыстары бойынша диалог құру», - дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Бұл күндері Бас  ботаникалық баққа  мегаполис тұрғындары мен қала қонақтарынан бөлек шет елдерден туристер де келуде. Өсімдіктерді қорғауға басты назар аударылған.

Баққа  174,3 мың жаңа өсімдік отырғызылылған.  Оның ішінде сирек түрлер мен сұрыптар – 1300-ден  астам жаңа талдар (балқарағай, боз арша, шие, алма, алмұрт, қараөрік, емен, үйеңкі, қайын, жөкенің түрлері),  40 мың бұта, 130 мың астық тұқымдастар мен көпжылдық гүлдер, 3 мың раушан гүл,  «Шантеклер» алмұрты, қызыл жапырақты «Роял Ред» үйеңкісі (Еуропаның шектерінен тыс тұңғыш рет отырғызылған), магнолияның бірнеше сорты, Бонсай ағаштары секілді эксклюзивтер отырғызылған. Сондай-ақ, жаңартылған бақтың шынайы әшекейлері болған сакуралар да бар.

Ботаникалық бақтың ақылы қызметі мынадай:

Ересектерге – 500 теңге;

Студенттер мен зейнеткерлерге — 500теңге;

Мектеп оқушыларына – 300 теңге;

Экскурсовод жалдау — 1000 теңге;

Студенттер мен зейнеткерлерге экскурсовод жалдау –  500 теңге;

Кино, видео, фото түсірілім – сағатына 5000 теңге;

Фотоаппаратқа түсу сағатына — 3000 теңге;

1 адамға үйлену тойына келу – 1000 теңге;

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, 5 жасқа дейінгі балаларға – тегін.

Демалыс орны сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Келушілердің қауіпсіздігі үшін бейне бақылау камералары, жолды адаспай табу үшін әр қиылыста жол бағдарларын анықтайтын карталар қойылған.

Бас ботаникалық бақтың  бұрынғы бір кіреберісінің орнына үш жаңа кіреберіс павильон тұрғызылған. Келушілер баққа Тимирязев көшесінен, «Атакент» көрме орталығынан, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылынан кіре алады. Барлық павильондар табиғи материалдардан жасалған.  Электрондық билеттендіру жүйелері және туристік қоғамдық орындарға тән инфрақұрылым – кәдесый дүкендері, шағын кафетерийлер, дәретханалар орнатылған.

 Гүлвира Асқарқызы,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер