Жыр болған 42 500 теңгенің соңғы нүктесі қойылды

4104
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдай кезіндегі жұмыссыз қалған азаматтарға төленген әлеуметтік көмек енді карантин күшейтілсе де төленбейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантин күшейтілгеннен кейін 42 500 теңгенің төлену-төленбеуіне қатысты пікір білдірді.

Министр төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеуге мемлекеттен  біраз қаражат жұмсалғанын айтты. Бірақ қаржы бюджеттен емес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сату есебінен  түскен.  Төтенше жағдай кезінде 322 миллиард теңге жұмсалып, 4 млн 607 мың адам 42500 теңге алған. 8 миллионнан астам адам өтініш берген.

– Енді 42 500 теңге төленбейді. Оны жоспарлап отырған жоқпыз. 42 500 теңгелік көмекті 4 миллион 607 мың адам алды. Қазір қордың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Дегенмен, жағдайға қарай қажеттілік болса, басқа қаржы көздері табылатын шығар, - деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер