ҰБТ-ның алғашқы күні 164 түлектің үміті желге ұшты

3311
Adyrna.kz Telegram

ҰБТ-ның алғашқы күнінде (21 маусымда)  республика бойынша 73 бала тестке жіберілген жоқ. Оған қоса  91 тест тапсырушы  ҰБТ тәртібін  бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова хабарлады.

Жалпы маусым айындағы ҰБТ-ға қатысуға 131 754 өтініш түскен. 21 маусымда еліміздің 15 өңірінде басталып, 161 пунктің 51-інде өткізілген. Оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 6512 бала қатысу керек болған.  Бірақ олардың 6186-сы  ғана  тест тапсырған. Бұл барлық аталған   қатысушылардың 95 пайызы.

"2020 жылғы жаңашылдықтардың бірі ғимаратқа кіргізу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеушінің тестілеуге жібермеу еді. Осы қағиданы ұстана отырып, 21 маусымда республика бойынша 73 бала ҰБТ-ға жіберілмеді. Сонымен қатар, 91 тестіленуші ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Яғни, 164 тестке қатысушы тәртіп бұзды. Сәйкесінше олардың нәтижелері жойылып, осы жылы тестілеуге қатысу мүмкіндігінен айырылып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш барлық тестілеу мерзімінде 24-ті құраған болатын", - деді Наужан Дидарбекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

Тесттің бірінші күнгі қорытындысы бойынша  шекті балды жинағандардың саны – 4222. Бұл алғашқы күнгі  қатысушылардың 68,3 пайызы. Ал 130 баллдан жоғары жинағандар – 39 (қатысушылардың 0,6 пайызы).

 

Пікірлер