Алматыдағы әйгілі Көк базар қашан ашылады?

1475

Көк базар территориясында орналасқан "Достар-Коммерц" базары қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты уақытша жабылды. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, сауда орны 23 маусымға дейін  жабылған.

Базар жұмысын Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тиісті іс-шаралар мен эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін тоқтатқан.

Базар қызметкерлері коронавирусқа  тест тапсырған. Қазіргі кезде олар тест нәтижесін күтіп отыр.

Арнайы мониторингтік топ Көк базар аумағында тексеру жүргізіп, тұтынушылар мен сатушылар үшін байланыссыз термометрия құрылғысы қондырылмағынын, тұтынушылар әлеуметтік қашықтық сақтау үшін белгілер салынбауын, жеке қорғаныс құралдары барлық жерде бірдей қойылмағанын жою, рұқсат етілген жұмыс режиміне сәйкес келмеу фактілерін анықтаған.

Анықталған тәртіп бұзуға байланысты  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. "Достар-Коммерц" компаниясының қызметін 2020 жылдың 13 маусымынан бастап сот шешімі шыққанға дейін тоқтата тұру туралы шешім де қабылданды. Әкімшілік іс материалдары Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі.

Әкімдіктің хабарлағанындай, Көк базар әкімшілігі қызметкерлері  арасынан 20 адам коронавирусқа шалдыққан. Ал саудагерлер арасында тіркелмеген.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы