Орыс пен арабқұлдарға қарсы иммунитет оянды

2853

Қазақтың орыс пен арабқұлдарға қарсы иммунитеті оянды. Енді батысқұлдарға қашан оянар екен?

Орыс, батыс, арабқұл дегендеріміз – дүниеге солардың көзімен қарап, солардың болмысын үлгі тұтып, солардың дүниетанымын қазаққа сіңіргісі келетіндер.
Адамның тек алдыға ұмтылатынын ескерсек, бұл "құлдар" санатындағыларға жоғарыдағы өркениеттердің дүниетанымы қазақтан жоғары болып көрініп, өзіміздің бар болмысымызды тәрк етіп, сол өркениеттердің дүниетанымы біздің елде өркендеуін жан-тәнімен қалайтын "дамып кеткендер".

(Вахабо-саляф-иттер деген терминнің авторы мен екенімді ескерте салайыншы)
Мұсылмандықпен арабтықты ажырата бастады халық. "Дәтім шыдап" 10-шақты мақала жазғанмын жоғарыдағы топтар жайлы. Қазіргі тәңірлік дүниетаным жайлы да жазып жатырмыз.

Жалпы біз айтып отырған "мұсылманшылықтан жеріну" болып көрінетін процесстен қорқудың қажеті жоқ. Бұл уақытша құбылыс. Салт-дәстүрімізді тәрк еткен вахабо-саляфиттердің тықпалаған дүниелерінің, біздер күтпеген жерден "Ә!" деп тәуелсіздік алып, түсіп қалған "шоковый" кезеңде, біздердің дүниетанымымызға ендіріп жібергенімен, сіңдіре алмаған арабтық болмыстарын кері қайтарудамыз.

Бір сөзбен айтсам, ашуланса құдайын да қарғап алып, артынан намаз уақыты болып қалды деп құманын іздеп кете баратын мінезі бар қазаққа, "Құдайдың құлы болуың керек" деген құлдық түсінікті мұрнымыздан май қылып құйсаңда сіңіре алмайсың. Қазір сол құбылыс байқалып келеді. Одан шошынудың керегі жоқ.

Діннен қазақ ешқашан ажырамайды. Тек, "Кірмелерге ермелікпен" жүрген топтардың "жегізгенін сіңіре алмай, запраннан қол салып" құсып құтылу кезеңіндеміз. Мұндай "емделу кезіңінде" жақсысы да, жаманы да сыртқа бірге кетері хақ.
Бұлар жаман нәрсе болғанның өзінде "бір ауырып жазылған" жөн. Иммунитет солай қалыптасады ғой.

Қазаққа "Құдайдан қорықпайтын адам екенсің" деген сөзден "Ұятың жоқ адам екенсің" дегені  неліктен қатты тиетінін ойлансаң, арғы жағында жауабы қол созым жерде тұр.

Ал, ендігі кезек жүйелі түрде ұлықталып жатқан "батыстық болмысқа" келіп тұр. Бұлардың ықпалынан ажырау өте қиынға соғады. Өйткені, материалдық құндылықтарымен жаулап алды. Сананы тұрмыс билейтінін ескерсек, тұрмысымыз түзелгенше ықпалдары алапат болмақ.

Бірақ, менің көзімнің жеткені – қазақтың ішінде "пружина" бар. Бәрін сіңіріп-сіңіріп келіп, бірақ күнде далаға "атып" жібереді.

ОЙ САЛСА ОЙЛАНАРСЫЗ!

Рүстем Ашетаев

Пікірлер
Редакция таңдауы