Ұлттық экономика министрлігі қаржы игермеуден көш бастап тұр

2565
Adyrna.kz Telegram

ҚР Үкіметінің отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы есеп берді.

Айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспары 97,3%-ке орындалған. Олардың ішінде республикалық кірістер – 83%-ке, жергілікті бюджеттер – 145,3%-ке орындалған.

Қытайдан келетін импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 %-ке, ал физикалық көлемі 27 %-ке төмендеген. Нәтижесінде, Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салықтардың көлемі 12%-ке,  яғни, 2,1 млрд.теңгеге азайған. Салыстыра кетсек, 2019 жылғы ақпанда  17 млрд.теңге болса, 2020 жылдың ақпанында 15 млрд. теңгеге арзандаған.

"Қытайдан келетін автокөліктер 24 пайызға, ал темір жол қатынасы 14 пайызға,  Еуразиялық экономикалық одақтан импортталатын автокөліктің саны да 20%-ға азайған. Сондай-ақ, елдегі 18 екінші деңгейлі банкің түсімдері  56%-ға азайды", - деді минситр.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,5%-ға, оның ішінде  республикалық бюджет 97,1%-ға, жергілікті бюджеттер 96,9%-ға орындаған. Ал республикалық бюджеттің шығысы 2 трлн. 102 млрд.теңгені болды.

Қанша қаржы игерілмей қалды?

Қаржы министрінің есебінше, Ұлттық экономика министрлігі 15,6 млрд.теңге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті  8,3 млрд.теңге, Білім және ғылым министрлігі 4,7 млрд. теңге, Әділет министрлігі  4,6 млрд.теңге, Мәдениет және спорт министрлігі  4,2 млрд.теңге, Ішкі істер министрлігі  3,3 млрд.теңге иегермеген. Олардың себебін кредиттік шарттарға кеш қол қойылмауымен, орындалған жұмыстардың актісін уақытылы берілмеуімен, конкурстардың ұзақ өткізілуімен және нормативтік құқықтық актілердің уақытында қабылданбауымен түсіндірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер