Шымкентте карантин мерзімі тағы ұзартылды

2161
Adyrna.kz Telegram

Қалада кәсіпорын, мекемелер мен сауда орындарының   жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ, бетпердесіз жолаушыларды қоғамдық көліктерге  отырғызбайды. Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысымен, Шымкенттегі карантин мерзімі мен шектеу шараларының мерзімі 8 маусымнан 22 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалада қандай шектеулер енгізілді

  • Тұрғындардан қоғамдық орындар мен қалалық қоғамдық көліктерде және қызметі рұқсат етілген нысандарда бетперделер мен қолғаптар киіп жүру талап етіледі;
  • Аса зәрулік туындамаған жағдайда қала ішінде еркін қозғалысты шектеу;
  • Бетпердесіз жолаушылар қоғамдық көліктерге отырғызылмайды;
  • Барлық базарлардың жұмыс уақыты сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеледі;
  • Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітілді;
  • Сауда-ойын орталықтары мен оның аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдары, мұз алаңдары мен батут және фудкорттардың ашылуына әлі де тиым салынды;
  • Шомылу мен демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау міндеттелді.
Пікірлер