Тәжікстан билігі 50 адамның коронавирус жұқтырғанын мойындамай отыр

2788
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстанның Соғды облысындағы психиатриялық клиникада шамамен елу науқас коронавирус жұқтырған. Мекеме әкімшілігі бұны жоққа шығарып отыр.

3 маусымда психиатриялық емдеу мекемесінде болған адамдар клиникадағы науқастардың жартысы коронавирус жұқтырғанын Озоди радиосына хабарлады. Дәлел ретінде олар аудиотаспа ұсынды. Онда клиника дәрігерлері елу науқас COVID-19 вирусын жұқтырғаны туралы айтқан.

Психиатриялық клиника директоры Нодира Саидова "науқастардың коронавирус жұқтырған-жұқтырмағаны әзірге расталған жоқ" деп жауап берді. Одан соң директор тілші сауалдарына жауап беруден бас тартты.

Мекемедегі науқастар Худжанд ауруханасында тексерілген. Олардың елуі коронавирус жұқтырғаны анықталған. Аурухана басшылығы психиатриялық клиника науқастары осы мекемеде тексерілгенін растады, бірақ оларға "жоғары жақтан коронавирус стастистикасы туралы мәлімет таратпау туралы бұйрық түскен".

Сentralasian.org

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер