Карантиннің көзге көрінбейтін пайдасы

4207
Adyrna.kz Telegram

Карантиннің көпшілік байқай бермейтін пайдалары да бар. Оның алғашқысы – шет елден, әсіресе Өзбекстаннан келетін  жұмыс күшінің жойылуы. Одан қандай пайда бар дегендерге түсіндіріп кетейін.

Бұған дейін Шымкент қаласында бетон құюдың кубіне 5000-7000 теңге аралығында төленетін. Ауыр жұмыс біздегі жұмысшылардың күнкөрісіне аздық ететіндіктен, тек Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген жұмысшыларды жалдайтын.

Генподрядчиктен кубіне 20 000 теңге шамасында төленіп отыратын. Ортадағы субподрядчиктер алған суммасының 30%-мен жұмысын бітіріп, өздеріне 60%-ын қалдырып пайда тауып отырған. Оның 30%-ын тендерді ұтқызған "көкелеріне" бергенде, өздеріне 30-40%-ы таза пайда қалып отырған.

Карантин басталғалы шетелдік арзан жұмысшы күшінің болмауына байланысты, еліміздегі қазекеңдерден ондай бағаға жұмыс жасайтын адам іздеп, ұтып алған тендерлеріне арзан жұмысшы таба алмай, тендердің срогы қысып "екі қолдарымен бастарын ұстап" безгек қағып жүр бәрі.

Сасқандарынан бетон құюдың бағасын көтере-көтере, субподрядтардың алды кубына 13 000 тенгеден төлеуге дейін уәде беріп шыға келді. Оғанда адам табылса қуануда. Өйткені, Астана кезінде салынған құрлыстарда әбден "лақтырылып" ауыздары күйген қазекеңдер, өздерінің ИП-ларымен келісім-шарт жасасуға мәжбүр етуде. Демек, бұндай жағдайда жұмысшыны лақтыру  – өте қауіпті.

"Бұлақтың басындағы" 20 000 теңгеден шыққан қаржының 60%-ын жұмысшы алатын болса, 30%-ын "көкесі" ала ма, өзі ала ма?!
30% "көкелердің" откаты қазір алдын-ала беретін болғандықтан, субподрядчиктерге пайда түспеуі де мүмкін. Сондықтан, өз келісімдерін мерзімінде орындай алмай жатқан ТОО-лар, келісім-шарттарын бұзуға мәжбүр болып жатыр.

Жекелеген жұмысшы топтар өздерінің ИП-лары мен Генподрядчиктермен тікелей келісімге келіп, ортадағы субТОО-ларды ысырып тастауда. Енді, 30% долясын ала-алмаған "көкелердің ұстамалары ұстап" қалып, жұмыстың сапасына қатаң шүйлігіп жатқан сыңайлы. Есесіне құрлыстың сапасы артуда!
Қазақ жұмысшыларыныңда табысы көбейіп, қаржылар волютаға айналып шетел аспай, еліміздің ішкі экономикамызда қалуда.
Бұл карантиннің пайдасының бір ғана мысалы.

Карантин басталған кездерінде осы салада жұмыс іздеп, біраз субподрядтардың табалдырықтарын аттағанбыз. Сол кездерде біздердің "Типовой договорларыңызбен, план зданиямен в электронном виде танысуымыз керек. Келісім-шартқа отырайық" деген ұсынысымызға жын көргендей таңқалып қарап: "Бізде бәрі ауызша ғой. Ондай нәрсе жоқ бізде", -  деп шығарып салатын субподрятчик ТОО-лар, қазіргі күндері "имандарына" келіп қалыпты. Тек адам апарсаң болғаны. Бәріне дайын қазір!

Карантин "тендерщиктерге" бес саусақпен емес, екі саусақпен жеуді де, жұмысшымен келісім-шарт жасасуғада үйрете бастапты. Бұл да болса карантиннің пайдасы.

Құрметті ағайындар! Дәл қазір 50 адамдық жұмысшы тобың болса, кез-келген Генподрядчик фирмалардың бастығының есігін теуіп кіруіңе болады.
Сондықтан, алаяқ субподрядчиктерге алданып қалмас үшін, басынан келісім-шартқа отырып "етек-жеңдеріңді" қымтап алып, содан соң жұмысқа кірісуді үйренетін уақыттарыңыз келді.

 

Рүстем Ашетаев,

Шымкент

 

Пікірлер