Зайырлылық және дін

6459
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда дін және мемлекет қатынасы мен дін және құқық байланысы, зайырлылық төңірегіндегі мәселелер талқыланғанда екі түрлі қателікті байқауға болады. Біріншісі, бұрынғы кеңестік жүйе шеңберінде қалыптасқан түсініктен шыға алмай зайырлылықты дінсіздік (атеизм) ұғымына балама түрде қолдану қателігі, екіншісі зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес деп түсінетін, алайда оның қалай қолданыс табуынан, оның қағидаттарынан бейхабар, өзі ұстанатын діни мүддеге қарай бейімдеуге тырысу қателігі.

Бірінші мәселе бойынша қателік, негізінен, дін құбылысының қоғамдағы орны мен рөліне шынайы баға берілмеуінен, сабақтастықты дәстүрлі діни тәжірибеге сүйенген діни таным мен сенім түсінігінің негіздері мен ерекшеліктеріне мән бермеушіліктен, қоғамдағы діни ұстаным динамикасының артуы мәселесін назарға алмаудан, не болмаса халықтың діни жаңғыруы мен діндар азаматтардың санының күннен күнге артуынан қауіптену үрейінен туындап отыр. Ал екінші мәселеге қатысты, мемлекеттің діни плюларизм мен сенім бостандығына берген мүмкіншіліктерін бұрмалай отырып, басқа да мұсылман елдерімен салыстырмалы түрде діни ұстанымға қолайлы жағдай қалыптастыру, тіпті жекелеген топтар мен көзқарас өкілдерінің мемлекеттік, құқықтық қағидаттарды зайырлылық қағидаттарына қайшы деп санау арқылы толық өз діни қызығушылықтарына талпыныс жасау. Соңғы кездерде айтылып жүрген «Қазақстан, мұсылман мемлекеті болуы тиіс. Оны заңда көрсетуіміз керек» деген сынды пікірлердің астарында осындай талпыныс жатыр деуге болады.

Біздің елімізде дін, саясат, құқықтық негіз және зайырлылық ұстанымының қағидаттарының нақты анықтамасы жасалынбаған. Сол үшін де осы ұғымды адамдардың ішіндегі дүниетанымы айқындап келеді. Ал қоғамда көпшілік адамдар естіген ақпараттарына қарай ой айтады және солай қабылдайды. Олай болса, әлі де болса осы ұғымның қағидаттық қырын айқындау міндеті тұр. Бұл жалпы қоғамның әрбір саласындағы мемлекеттік талаптарды айқындауға көмектеседі.

Біздің елімізде дінге бейтарап қарайтын адамдар мен ұстанымдарды зайырлы деп сипаттау белең алған. Сондықтан осы анықтама негізінде зайырлы құқық деп негізі дінге негізделмеген, діннің қағидаларынан тәуелсіз, ал зайырлы мемлекет дегенде мемлекеттік басқару және реттеу жүйесінде діни сенімдер мен шарттарды қолданбайтын мемлекет деп түсінеміз.

Қазіргі Қазақстан қоғамының басынан кешіріп отырған кезеңін зайырлылық қағидаттардың орнығу кезеңі деп бағалауға болатын шығар. Олай болатыны, дін мен мемлекет қатынастарында әлі де айқындауды қажет ететін талаптар мен қағидаттар жетіп артылады. Тіпті кейбір кездері діннің қағидалары мен талаптарын мемлекеттің саясаты мен қағидаларына қарсы қою, болмаса діни үкім мен мемлекеттің ұстанымының арасында қалу сияқты ыңғайсыздықтар баршылық.

Өз кезегінде, негізінен дінге қатысты шарттар мен талаптарды мемлекет айқындайды. Оған ешкімнің де таласы болмауы тиіс. Алайда діни-сенім бостандығы берілген қоғамда азаматтардың өздері ұстанатын діннің талаптарын да өз беттерінше орындауына ешқандай кедергі болмайтындығы заңда көрсетілген. Осы жерде алғашқы түсінбестік туындап отыр. ҚР Заңда: «Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы» делінген (Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң 3-бап, 6-тармақша). Олай болса, азаматтар ұстанатын діннің қандай да бір талабы немесе қағидасы мемлекеттің қойған талаптары мен заңдарының біріне қайшы келген жағдайда, бұл мәселе қалай шешілетіндігінің басы әлі де болса ашық қалып отыр. Мемлекеттік мекемелерде діни рәсімдерді орындау, мектепке діни атрибутикамен келу (хижап мәселесі), діннің ішіндегі қағидалар бойынша әркімнің өз дінін уағыздауға ынталы болуы сияқты мәселелер. Мәселен, мұсылман діні бойынша бір адам дінді білсе, оның екінші адамға таратуы, уағыздауы құпталатын мәселе. Ал белгілі бір өкілетті мекеме өкілдерінің ғана уағыз айтуға құқылы болуы орта ғасырдағы католик дінінің үлгісіне оралу деген сөз. Бұл сол діннің ішіндегі діндарлардың араздығын тудыруы мүмкін немесе басымдық берілген діни мекеме өкілі өзіне берілген өкілеттілікті асыра пайдалануы ықтимал. Мұндай миссонерлік қызметтер христиан дінінде де бар.

Белгілі бір діннің ықпалын нақты сол діннің өкілдігі болып саналатын діни бірлестікке беру немесе белгілі бір дінді уағыздаудағы шектеулерді қою кезінде бұл ұйымдардың өкілі түсіністікпен, шыдамдылықпен қарауы мүмкін. Алайда дәстүрлі емес діндер мен ағымдардың өкілдері бұл талаптармен мүлде санаспайтындығы белгілі. Олай болса, дін саласындағы зайырлылық қағидаттарын қалыптастыруда бұл мәселе басты назарда болуы тиіс. Өз кезегінде діндарлар да зайырлылық қағидалары мен діннің қағидаларын салыстырып та жатпайды. Олай болатыны діндарлар үшін олардың өмірінің бағдарын айқындайтын қағида – діннің талаптары.

Алайда, зайырлылықты заңдар мен құқықтық нормалардың, мемлекеттік қағидаттардың діни ұстанымдарға негізделмеген және одан тәуелсіз формасы деп қарастыруға болады. Осыған байланысты мемлекеттік биліктің діннен бөлінуі, заңдарын дінге негіздемеуі, белгілі бір дінді қолдамауы, яғни діни плюрализмді сақтауы, барлық дін өкілдеріне тең құқық беруі, білім беру ісінің зайырлы сипатта болуы, отан қорғау, денсаулық және мемлекеттік қызметте зайырлылық талаптарының қатаң сақталуы, дін және мемлекет істерінің ажыратылуы сияқты қағидаттарды қамтыған.

Дегенмен, бұл дін ісі мемлекет ісінен бөлек дегенімен, дін мен қоғам бөлек деген қағиданы тудырмайды. Себебі, қоғамдағы діни ахуалды реттеу, қадағалау, діни бірлестіктермен жұмыс, олардың қызметтерін қадағалау, қазіргідей рухани бағытын айқындау кезеңіндегі және радикалды, десструктивті сипаттағы ағымдар мен ұстанымдарға қарсы күрес жүргізіп отырған біздің еліміз үшін аса маңызды. Демек, зайырлылық қағидаттарын әрбір мемлекеттің ішкі діни ахуалына байланысты, мәдени-рухани ұстанымдарына және тарихына, саяси, құндылықтық мүддесіне қарай қалыптастыруы заңды құбылыс. Бұған Ресей, Түркия тіпті кейбір араб елдері және Еуропаның бірқатар елдерін мысал беруге болады. Қаншалықты діни құндылықтар немесе діндарлардың саны басым болғанымен қоғамдық және әдеуметтік қарым-қатыстарды реттеуде зайырлылық қағидалары мен зайырлы құқықтық нормалар маңызды күшке ие бола береді. Сондықтан діндарлардың көрсеткішінің артуымен зайырлылық қағидаттары мен құндылықтарына ешқандай да шектеу болмасы анық. Тек дін мен діни қызметтер тетіктері дұрыс қалыптастырылса болғаны.

Зайырлылық тек дін мен сенім бостандығы немесе мемлекет пен діни мекемелер істерінің ажыратылуы ғана емес. Зайырлылық, көптеген елдерде, соның ішінде біздің елімізде де мемлекеттің демократиялық, құқықтық ұстанымдарға негізделуін білдіреді. Олай болса, мемлекеттің жалаң түрде зайырлы болуы емес, тарихи, рухани, мәдени салалардағы құндылықтарын назарға ала отырып, азаматтардың сенімдік және рухани қажеттіліктерін бағалай отырып зайырлық қағидаттарының үлгілерін қалыптастыруы қажет. Мұның алғышарттары елімізде жасала бастады деуге болады. Оған дәлел: «Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады» деген діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның приамбуласындағы сөздер.

Бұл қағиданың ендігі жерде жетілдіру міндеті тұр. Өйткені, қазіргі діни сенім бостандығы деген желеумен жаппай берілген мүмкіншіліктің болашақта үлкен рухани, діни бөлінушілікке, конфессияаралық қайшылықтарға, тіпті теке-тіреске алып келетіндігін де назарға алған дұрыс. Сондықтан мемлекет қоғамның қазіргі ахуалын қадағалау ғана емес, болашақ келеңсіздіктердің алдын алуға да міндетті. Яғни, дәстүрлі діндердің барынша дәріптелуін, теріс ағымдардың барынша алдын алу деп түсіну керек.

Дін – әлеуметтік, психологиялық, дүниетанымдық құбылыс. Әрбір қоғам отбасынан, отбасы жеке адамдардан тұратын болса, әрбір индивидтің жеке дүниесі бар және ол өзінің, қоғамның, мемлекеттің, жаратушының алдында жауапкершілігі бар тіршілік иесі. Оған қоса дін қоғамға, басшыға, жеке адамға, қысқасы әрбір қоғам мүшесіне міндеттер жүктейді. Ал діндар үшін біріншіден, діннің бұйрықтарын орындау, тыйымдарынан қашу, құлшылық пен мінажаттарын жүзеге асыру жаратқанның бұйрығы, жеке жауапкершілігі болып табылады. Оны орындамаса, діни тұрғыдан күнә жасағаны және іштей қайшылыққа түседі. Бұл оның жан-дүниесінде психологиялық күйзеліс туғызады. Екіншіден, мемлекеттің заңы мен тәртібін мойындап, заңына бағынып, құрметтеу оның азаматтық борышы, міндеті. Бұл тұрғыдан діндар адам екі міндет арасында қалып отыр. Бірі – діни міндеті, екіншісі – мемлекет алдындағы азаматтық міндеті. Осы екі талаптың, құндылықтың арасын реттеу, оңтайлы шешім шығару, азаматтардың өзін екі жағынан да толыққанды сезінуі елдегі зайырлылық қағидаларының түсіндірмелеріне тікелей байланысты.

Зайырлы мемлекетте діни сенім бостандығы – азаматтардың қандай да бір кедергіге ұшырамай қалаған дініне сенуі, оның талаптарын еркін орындауы, ұстанатын діні туралы ойлары мен білімін ауызша немесе жазбаша тарату, сол дінді еркін үйреніп, басқасына еркін тарату, мемлекет тарапынан белгіленген заңға сай әрекет ету шартымен отбасында немесе қоғамдық орындарда өзінің сенген дінін ұстану мүмкіндігі. Алайда елімізде дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметін бақылау үшін қойылған талаптар, дәстүрлі дін өкілдерін де қамтығандықтан кейбір теңсіздіктер туындауы ықтимал. ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның 7-бабындағы қойылған талаптарда заңның приамбуласындағы басымдық қарастырылмайды. Ал іс жүзінде дәстүрлі емес діни ұйымдар мен бірлестіктер заңның талаптарын көбінесе сақтамайтындықтан, қоғамның тыныштығына мүдделі дәстүрлі діндер мен бірлестіктердің қызметі шектеледі де теріс діни идеологиямен күресте жеңіліс тауып отырады.

Сонымен зайырлылық қағидасы, тепе-теңдікті қамтамасыз ететін жүйе. Бұл жүйеде дін мен мемлекет жеке-дара өмір сүруі тиіс. Бірақ, Қазақстанда концептуальді түрде зайырлылықтың қағидаттары айқындалмаса жоғарыда айтылған қайшылықтар мен тайталас әлі де созыла бермек. Сондықтан мемлекеттік, саяси ұстанымды күңгірттіктен арылтып, айқындау қажет болса, өз кезегінде діни бірлестіктер, соның ішінде дәстүрлі дін ұйымдары да анықтамалық аппаратты айқындауда белсене қатысуы тиіс.

Қорыта келгенде, әрине елімізде зайырлылық қағидаттарының орын алуы жалпы діндарлар үшін де тиімді жағдай. Жалпы зайырлылық ұстанымдары діннің ішкі қағидаларында да орын алады. Сол себепті мемлекеттің зайырлылық ұстанымдары мен қағидаттары діннің қағидалары және адамгершілік нормаларымен үндестік таба отырып қалыптастырылса құба-құп болар еді. Бұрынғы ғылым мен діннің бір-бірін жоққа шығаруы, конфронтация үрдісі де қазіргі ғасырда бәсеңдеді. Қазір өзара түсіністікке бет бұрды. Сондықтан дінді қоғамнан тыс қарастыру, оны тек қарсы майданда елестету дертінен арылған дұрыс. Оның үстіне Қазақстандағы азаматтардың діндарлану үрдісінің қарқынды жүріп жатқандығын назарға алатын болсақ, бұл қазіргі зайырлылық қағидаттарындағы кейбір талаптарды қайта қарау қажеттілігін тудырары сөзсіз.

Жaлпы әрбiр дiн ұcтaнушы яғни дiншiл aдaм өзiнiң ұcтaнaтын дiнiн дұрыc дeп eceптeйдi. Өздeрiнe тиeciлi кaнондaры бaр. Бacқa дiндeрдiң кaнондaрымeн кeлicпeуi мүмкiн. Дiндeр өздeрiнiң cол кaнондaры мeн догмaттaры aрқылы eрeкшeлeнeдi жәнe олaрды өзгeрту нeмece догмaтикaлық caлaдa бeлгiлi бiр кeлiciмгe кeлу мүмкiн eмec.

Aдaмның өмiрдeгi өзiнiң орнын түciну, өнeгeлiк бaғыт-бaғдaрлaрды iздeу жәнe олaрмeн бaйлaныcты дiншiлдiктiң iшкi қaйшылықтaры дa болaтыны бeлгiлi. Cондықтaн дүниeтaнымның қaлыптacуынa экзиcтeнциaлды мaғынaдaғы фaкторлaр әлбeттe ықпaл eтeдi. Дүниeтaным – бұл тeк дүниeceзiм, күйзeлic, acқaқ мұрaттaр ғaнa eмec, cонымeн бiргe cодaн туындaйтын нық ceнiм, өмiрлiк ұcтaным, әлeумeттiк-caяcи мұрaттaр, оқиғaғa бaғa бeру. Тiптi бұл aдaмның нaқты бiр жaғдaйлaрдa бeлгiлi бiр мiнeз-құлықтық әрeкeткe шынaйы дaйындығы. Дүниeтaнымның қaлыптacуынa, әciрece оның тaнымдық өрiciнe бiлiм aйтaрлықтaй ықпaл eтeдi. Оcы ceбeптeн, зeрттeу ныcaнacы рeтiндe aрнaйы унивeрcитeттe бiлiм aлушы cтудeнттiк жacтaр aлынады. Бiлiм aзaмaтты, толыққaнды тұлғaны қaлыптacтыруғa тиic. Жоғaрғы дүниeтaнымдық бaғыт-бaғдaрлaрдың жоғaлуы шeктeн шыққaн қылықтaрғa, тұлғaның өздiгiнeн құлдырaуынa әкeлiп cоқтыруы мүмкiн. В. Cоловьeв aқыл мәceлeciн, өмiр cүру шындығы, оның мaғынacы мәceлeciн шeшeтiн жәнe cонымeн бiргe eрiктiң жоғaрғы тaлaптaрын қaнaғaттaндырaтын биiк дeңгeйдeгi ceнiмнiң қaжeттiгi турaлы aйтқaн болaтын.

Дүниeтaнымдық идeялaр бiздiң өмiрiмiзгe бaғыт бeрeдi жәнe оның құндылықтaрын aйқындaйды. Филоcофиялық дүниeтaнымның қaлыптacуы тұлғaның бойындa cыншылдық, күмәндaну тәрiздi қacиeттeрдi қaлыптacтыруды дa көздeйдi. Cөз дүниeтaнымның қaлыптacуынa ықпaл eтeтiн бacты фaкторлaрдың бiрi ойлaу мәдeниeтi турaлы дa болып отыр. Дeмeк, бiлiмдi aқыл мәдeниeтi мeн өзiндiк cыншылдықты қaлыптacтыруғa бaғыттaу қaжeт. Cыни ойлaу – бұл бaрлығын тaлдaу, ұғыну, cоқыр ceнiмдi қaбылдaмaу дaғдыcы. Бұл өз қaтeлeрiн көру жәнe мойындaу қaбiлeтi, өз ic-қимылын рaционaлды бaғaлaу, cондaй-aқ бacқa aдaмдaрдың пiкiрiн aқылмeн caрaлaу дaғдыcы. Ол үшiн eркiн тұлғaлaрды қaлыптacтыру қaжeт. Eң мaңыздыcы iшкi eркiндiк, өзiндiк Мeн кeңicтiгiндeгi бaғыт-бaғдaр, өйткeнi aдaм өзiнiң жaғдaйын нeғұрлым кeң ұғынca жәнe өз мiнeз-құлығын caнaлы түрдe бacқaрa aлca, cоғұрлым ол eркiндiктi ceзiнeдi. Ондaй eркiндiктiң мaңызды тaлaптaрының бiрi рeфлeкcияны дaмыту, яғни тaнымның өз iшкi дүниeciнe бaғыттaлуы. Дeгeнмeн eркiн болу тұтac фeномeннiң тeк нeгaтивтi acпeктici ғaнa, оның позитивтi acпeктici – жaуaпты болу. Қaзiргi кeздe cыни ойлaу, рeфлeкcия дaғдылaрын дaмытудың, мaнипуляцияның aлдын aлудың түрлi бaғдaрлaмaлaры құрacтырылғaн. Дecтруктивтi дiни aғымдaр кeң өрic aлып отырғaн жaғдaйдa әciрece дiнтaнушы cтудeнттeрдi оcы тәжiрибeлeргe үйрeту қaжeт, өйткeнi бiлiм тeк үcтiртiн оқытумeн ғaнa шeктeлмeуi кeрeк. Cонымeн, бiлiм дeрбec, eркiн тұлғaны қaлыптacтыруы кeрeк.

Ғылымнaн тыc cыни eмec ойлaу – қaзiргi уaқыттaғы бacты мәceлe. Әринe, ғибaдaттaрғa күштeп тaртудa aдaмның оcaлдығын көрceтeтiн фaкторлaр дa бaр. Мыcaлы, ол оcы cәттeгi үлкeн қaйғы-қaciрeттeр, шынaйы дiни ceнiмнiң, құндылықтaрдың жоқтығы, тұлғaның тәуeлдiлiккe бeйiмдiлiлiгi, aтa-aнaлaр мeн бaлaлaр aрacындaғы қaрым-қaтынacтaғы олқылықтaр, жacтaр aрacындaғы ғибaдaттaр бaр ынтa-жiгeрмeн ұcынып отырғaн рухaни aқиқaтқa дeгeн ұмтылыc. Cонымeн бiргe, көңiл-күй тaпшылығын, мaхaббaтты қaжeтciну, когнитивтi қaжeттiлiктeрдi (мaқcaтты ceзiну, өмiрлiк бaғдaрлaр) дe aтaп өту мaңызды. Дeгeнмeн, өтe тиянaқты түрдe жүргiзiлгeн пcихологиялық мaнипуляция бeлгiлi бiр ғибaдaтқa көндiрудiң eң тиiмдi тәciлi.

И.A.Ильин aйтқaндaй, шынaйы дiншiлдiк шынaйы «бiлiмciздiктeн» бacтaлaды. Бұл ойды Әл-Әзһәр университетінің ұстазы, доктор Ата әс-Сынбатидың пікірі де қауаттайды.Ол өзінің білім мен надандыққа жасаған сипаттамысында мынадай үлгіні береді.

1) Надандық+Кедейлік=Қылмыс

2) Надандық+Байлық=Бұзғыншылық

3) Надандық+Еркіндік=Анархия

4) Надандық+Билік=Қанау

5) Надандық+Дін=Лаңкестік

Ал егер «надақтықтың» орнын «білімге» алмастыратын болсақ:

1) Білім+Кедейлік=Қанағат

2) Білім+Байлық=Шүкіршілік

3) Білім+Еркіндік=Шаттық

4) Білім+Билік=Әділдік

5) Білім+Дін=Тұрақтылық [1]

Бұл тұжырыммен келіспеуге болмайды. Себебі, қазіргі мұсылман әлемі дінсіздіктен мен жалаң діншілдіктен көп зардап шегуде. Кезінде бүкіл әлемді мойындатқан мұсылмандардың тең жартысы сауатсыз көрінеді. Кейбір елдердегі сауатсыздық деңгейі алаңдатады: мәселен, 2008 жылғы деректер бойынша ересек әйелдердің Алжирде 34%, Бангладеште 52%, Мысырда 40%, Мароккода 58%, Пәкістан мен Йеменде 60%, Түркияда 20% адамдар сауатсыз [2].

Қазірде еліміздегі діни ахуал әрбір саналы азаматты алаңдатады. Осыған байланысты күнделікті қоғамдық қатынастарда діни ұстанымның ерекшеліктері мен әртүрлі қырлары жарыққа шығып жатыр. Дінді ұстанушылардың қатары молайған сайын қоғамдық ортада жағымды-жағымсыз пікірлер туындап, қарама-қайшылықтар, отбасылық өмірдегі кикілжіңдер, діни түсініктердегі алшақтықтар белең алуда. Егер, әлем елдеріндегі осы діни ұстаным мен қарым-қатынастарға байланысты қайшылықтарды назарға алар болсақ, діни алауыздық пен бөлінушіліктің зардабы орасан болатындығына көз жеткізуге болады. 2008 жылғы Ағылшынның ішкі қауіпсіздік қызметінің материалдары бойынша террорлық әрекеттер мен соларға жақын тұратындардың көпшілігі дінді жақсы білмейтін, тіпті діни міндерттерін орындамайтындар екендігін жазады. Ал оның алдын алу ретінде діни ағартушылық пен діни мекемелердің жұмысы дұрыс жолға қойылу керектігін көрсеткен.

Бірақ, ислам әлемін фатализм пікірі жаулап алғандығы шындық. Фатализм пікірінің жаулағандығы соншалық адам егер қандай да бір істе өзіне бір пайда беретін болса, ол құдайдың тағдырына қарсы келгені болып саналған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылы нұсқамалық хатымен орта жалпы білім беретін мектептерде «Дінтану негіздері» курсын енгізуді ұсынғаны белгілі. Бұл шешім көптеген дау туғызды. Біреулер бұл курссыз сауатты түлек дайындау мүмкін емес дегенді алға тартса,  екіншілері  бұл курс зайырлы мемлекеттегі онсыз да аз емес діндар отбасыларының қатарын толтырады, үшіншілері – мұғалімдер – маңызды материалды тиісті деңгейде жеткізетін сауатты мамандардың жоқтығын алға тартты. Бірақ қалай дегенмен де бұл іс жүзеге асып қазір орта білім беретін оқу орындарында оқытылып келе жатыр. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен Жалпы білім беретін  мектептердің 9-сыныбына арналған  «Зайырлылық жəне дінтану  негіздері» курсының бағдарламасын  бекіту туралы шешім шығып, 2016-2017 оқу жылынан бастап «Дінтану негіздері» пәні «Дінтану және зайырлылық негіздері» пәні ретінде оқытылып келеді. Негізінде бұл пәнді оқытудағы мақсат еліміздегі жастардың дін туралы сауаттылығын арттырып, болашақта әртүрлі теріс ағымдардың соңынан еріп кетудің алдын алу екендігі даусыз. Алайда бұл қаншалықты дейгейде тиімді орындалуда деген сұраққа ешкім толық жауап бере алмайды.

Жалпылама «Дінтануға» қатысты пән азаматтардың толық дін сауаттылығын қалыптастыруға үлес қосады десек те, елімізде осы бағытта мамандар да әізірленіп жатыр. 1992 жылдан бастап қолға алынған бұл саладағы мамандарды қазірде еліміздің алты ЖОО базасында оқыту жолға қойылған. Мемлекетіміз үшін жаңаша бағыт болып табылатын «дінтану» мамандығын әзірлеу оңайға соққан жоқ. Әлі де болса бұл саланы толық аяғынан тұрып кетті деп айту ертерек. Себебі, осы салада көптеген түпкілікті шешуді қажет ететін мәселелер бар:

  1. Алғашқы кезде «дінтану» мамандығына ең жақын сала философия, болғандықтан, аталмыш мамандық философия кафедраларының қарамағында ашылды. Сол себепті философия, тарих, филология саласындағы мамандар алғашқы дінтанушыларды дайындады. Бұл жәйіт «Дінтану» пәндерінің толық игерілмеуіне, үстіртін қарастырылуына себеп болды.
  2. Дінтану мамандығына қатысты оқулықтар мен оқу құралдары мүлде болмады. Сондықтан, бұл мәселе толықтай оқытушылының ұстанымына қалдырылды. Пәннің атауына мазмұны сай келмейтін жәйттар көптеп кездесті. Бұл өз кезегінде студенттердің талаптанбаушылығын және наразылығын тудырды. Тіпті «дінтану» мамандығын бітірген түлектердің көпшілігі өздерінің мамандығы бойынша жұмыс істеуге дайын болмай шықты.
  3. «Дінтану» мамандығына талапкерлердің аз келуіне байланысты жоғары оқу орындарының басшылығы және министрлік тарапынан нарықтың заңына сай келмегендіктен қамқорлықтың аз болуы. Қажет деп санамаған жағдайда, талапкерлердің азаюына байланысты мамандықтаң түбегейлі жабылып қалу қаупі әлі де сақталуда.
  4. Бұл салаға мемлекеттік тапсырыс аз беріліп, талапкерлердің аз келуіне байланысты, дінданушыларға дәріс беретін оқытушылардың мойнына оншақты, тіпті одан да көп пәндердің жүктелуі жиі кездеседі. Бұл өз кезегінде пәннің, ақыры мамандықтың сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.
  5. Дінтану мамандығының алғашқы кезеңдерінде келген талапкерлердің теологиялық білімді көздеп келуіне байланысты мүдде қайшылығы орын алды. Осы мүдде тұрғысынан дін дәрістерін беруге мамандар да дайын болмай шықты.
  6. «Дінтану» мамандығын бітіріп шыққан мамандардың осы салаға келмеуі. Сол себепті, бұл кемшіліктің орнын әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, тіпті филолог мамандардың толықтыруы. Сонмен қатар, дінтану, исламтану және теологияның ара жігі де әлі нақты ажыратылмаған деуге болады. Ал халық үшін дін саласының бәрі бір. Тіпті министрлікте тек діндарлар жұмыс жасайды деп ойлайтындардың қарасы басым.

Жоғары оқу орындарында осы іспеттес күрделі мәселелер әлі де болса орын алып келеді. Алайда қоғамда «дінтанушы» маманға деген қажеттілік күннен күнге артып отыр. Соңғы жылдары жалпы орта білім беретін мектептерге де дінге қатысты пәндердің енгізілуіне байланысты бұл шешімі табылмастай күрделі мәселеге айналды деуге болады. Келесі оқу жылынан бастап орта мектептерде «дін және қоғам» пәні жоспарлануда. Бірақ оның да деңгейі мен мазмұнының қаншалықты нәтижелі боларын уақыт сараптайды.

Түйіндей келе, дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы негізінде бүгінгі діни ахуалды реттеудің тетіктері мен тарихи сабақтастық жолдарын ұсына отырып, бүгінгі мәселелерді әлеуметтанулық болжам тұрғысынан қарастыру қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Ислам діні де үкім бергенде қоғамдағы құбылыс арқылы әрекет етуді ұстаным ретінде қабылдайды. Пайғамбар да әрбір құбылыстың себеп-салдар байланысын негіз ретінде алған. Мысалы, қоғамдағы келеңсіз ахуалға бірнеше болымсыз себептер үдеріс арқылы тап болса, ол егер анықталса, онда сол болымсыз себептерді өзгерту керек екендігі өздігінен ортаға шығады.

Сонымен қатар, мемлекет өз құрушыларының сенімі, мәдениеті мен болмыстық құндылықтарын әлеуметтік өмірдің жүйеленуінде негіз ретінде алуы тиіс. Олай болмаған жағдайда мемлекет құрушы элементтер әлеуметтік жүйеден таба алмаған құрылымды аңсаумен, мемлекетке қарсы топ құруға бет алады. Бұл – мемлекет, құндылық және саясат теорияларында бар тұжырым. Осы психология ескерілмесе, оның орнын мемлекеттен тыс сыртқы күштер алып қоюы ықтимал.

 

Кеңшілік ТЫШХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Дінтану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.

ҚР үкіметі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі,

ҚР АжАҚДМ қоғамдық кеңесінің мүшесі,

ҚР АҚДМ Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу

және талдау орталығының аға ғылыми қызметкері,

 

Пікірлер