Ұлттық ар намыс және Голощекин, Терещенко, Машкевич...

5845
Adyrna.kz Telegram
Осы Терещенко неге жылтыңдап кетті. Кеше онлайн конференцияда Түркістан облысында шіріп жатқан капустаны көмуге 2 миллиард доллар бөлдіңдер, фантазияларың жоқ деп Үкіметті сөкті. Енді бүгін доллар мен теңгені шатастырып алыппын деп кешірім сұрапты. Доллар қайда, теңге қайда? Екеуінің арасы жер мен көктей болмаса да, Қазақстан мен Израильдің арасындай емес пе? Доллардың қайда екенін үш миллион қазақтың түбіне жеткен көріңде өкіргір ағасы Голощекин білмеуі мүмкін, бірақ інісі Машкевич екеуі доллар мен теңгені қазақ пен еврейді айырғандай таниды ғой.
Жалпы, мына отыз жылға созылған жемқорлық дәуірде қазақтың бетіне дос пен дұшпан салық қып басатын дүниелер аз боп жатқан жоқ. Десек те, соның ішінде бетімізге ең шіркеулісі, ұлттық ар ұятымыздың жоқтығының, намыссыздығымыз бен сорлылығымыздың белгісі - Голощекиннің жиені Машкевичке қазақтың байлығын отыз жыл бойы есепсіз тонаттырғанымыз, стратегиялық нысандардың кілтін қолына ұстатып қойып, әлі күнге дейін түк болмағандай бетіне күліп қарап отырғанымыз. Осындайда "Жігіттің қоры - әкесін өлтіргенмен дос болар" деген қазақтың ескі сөзі еске түседі. Осыған үлкен ұғыммен келсек, үш миллион қазақты қырған жендеттің жиенін төбесінде ойнақтатып, төрінде тайраңдатып, ұлттық байлыққа мелдектете тойғызып, емін еркін сайрандатып қойған жер бетіндегі ең қор ұлт - қазақ екенін көресіздер. Бұдан артық қандай дәлел керек!
Айтыңыздаршы, осынымызды 32-нің ашаршылығында қырылған 3 миллион қазақтың аруағы кешіре ме, келешек ұрпаққа не бетімізді айтамыз? Анау Балтық елдерінің, мына Қап тауындағы халықтарды айтпағанда іргелестеріміз: өрдегі өзбек, қырдағы қырғыз, түптегі түркімен өздерін қынадай қырған палачтың жиеніне ел байлығын тонаттырып қойып қарап отырар ма еді?
Осы сұмдықтар туралы ой кешкенде дымым құрып дағдарамын. Баяғы қазақтың ақ алмастай ар намысы қайда кеткен деп пұшайман боламын. Халқыңның тең жартысын аштан қырған қанышердің жиеніне халықтың дәулетін сұраусыз, құнсыз, тегін беріп қоюың үшін қаншалықты дәрежеде намыссыз, арсыз, тексіз болуың керек. Осыған сауалды қашан іздейміз? Үш миллион аштан қырылған қазақтың құнын қашан сұраймыз. Әлде осылай отаршылдық дертінен айықпай-ақ өлеміз бе?
Жә, Терещенкоға келейік. Терещенко Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұңғыш Премьер министрі болған адам. Премьер Министр боп тұрған шағында ағасы Голощекиннің ісін қайталағасы келіп жаныққанын ұмытқан жоқпыз. Оның 1990-шы жылдары "Колхоз, совхоздар тарасын,, бізге ауылдардың керегі жоқ, етті Еуропадан сатып аламыз" деген Голощекиндік ұрандар көтергені әлі күнге дейін құлағымыздан кеткен жоқ.
Осылайша, ол ауылдардың шаңырағын ортасына түсіруді Қарағанды облысынан, Әлихан Бөкейханов пен Әлімхан Ермековтердей Алашорда ардақтыларының алтын бесігі болған Қарқаралы ауданынан бастады. Куәміз: ол уақта телевидение маңайында, ақпараттың қазанына жақын жүрген кезіміз, бәрін көзімізбен көрдік. Терещенко өзінің қазақтың ауылын қаусатуға бағыттаған зиянкес жорығының алғашқысында-ақ Қарқаралының милионер совхозы "Востоққа" келді. Бұл тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтың ауылы. Қазір Тоқтар ағамыздың атында.
"Востокты" Терещенко қалың нөкерімен ес жидырмай, қапыда басты. Ол кезде "Восток" совзозы асыл тұқымды мал мен "жұмсақ валюта" - бағалы аң терілерін өсіретін Қазақстандағы іргелі шаруашылықтардың бірі еді. Директоры Хәкім Зәкішов деген талай ауылды гүл жайнатқан өз заманының азулы директоры болатын. Сол кезде "Востоктың" жолдары жалтыраған асфальт, көшесі жарқыраған "свет" еді. Тіпті Зәкішов ағамыздың Қарқаралының шипалы ауасы, қарағай орманы бензин түтінімен ластанбасын деп көшелерге трамвай жүрізуді жоспарлағаны да бар еді.
Осындай жағдайда Алматыдан Терещенконың Қарқаралыға арнайы келіп, ат басын "Востокқа".тірегені әлі күнге дейін есте. Шаруасына мығым Зәкішов Терещенконы төредей күтіп қарсы алады. Зыр қағып жүріп тегіс автоматтандырылған алдыңғы қатарлы шаруашылықты армансыз аралатып көрсетеді. Бірақ премьердің қабағы ашылмайды. Жауар бұлттай түнере береді. Ақыры, сауырларына бір түйір боқ жұқпаған жұнтай семіз етті сиырлардың жанына келгенде Терещенконың талағы тарс айырылады. "Убрать н..." ол кәрленіп. - несіне ұстап отырсың осыншама малды, құрт көзін ертеңнен бастап, біз етті де, сүтті де шетелден сатып аламыз, асыл малдың етін жейміз, сүтін ішеміз, мына сиырларың олардың ты..н боғына жарамайды, сондықтан тез арада савхозыңды тарат, малдарыңды сат", - деп зіркілдейді. Директор Зәкішов түкке де түсінбей жүрек тұсын уқалай беріпті. (Кейін инфарктен қайтыс болды)
Осылай әп сәтте бір миллионер ауылдың шаңырағын ортасына түсірген Терещенко Алматыға кете барды. Ертеңіне оның айтқан тарихи сөздері жұмсартылып облыстық теледидардан берілді, баспасөзде жарияланды.
Сол жолы 1932 жылғы қазақ пен 1992 жылғы қазақтың айырмасының жоқтығына көзім жетіп еді. 1932 жылы да Голошекин "Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын" деп ұран көтергенде қазақтың есі қалай шығып кеткен болса, бұл жолы да Терещенконың теледидар мен баспасөзден тепсіне сөйлегенінен қорыққан қалың қазақ өрттен үркіген отарлы қойдай есі шығып, бет бетімен дүркірей жөнелісті. Терещенконые сөзі ауыздан ауызға көшіп, сан-саққа құбылып жатты. Ел ішіне совхоздар тарайды екен, ауылдар жабылады екен, елдің бәрі қалада тұратын болыпты, Американың етін жеп, Бразилияның сүтін ішеді екенбіз деген қауесеттер ду-ду, гу-гу тарады. Сасқанынан ертерек қалаға жетіп алмақ болып есі шыққан қазақ қолдағы малын қынадай қырумен болды. Су тегінге, әсіресе арақ пен сабынға айырбастап соңғы тұяғына дейін сойысқа жіберіп, екі жылдың ішінде Арқаның қазағы бар малдан ада болып шыға келді. Сөйтіп, ел әп-сәтте малынан айырылды. Кешегі қотанынан 40 мың қой өргізген қойлы ауылдардың қой шарбағында қотыр ешкі де қалмады. Қотарыла көтерілген қалың ел қалаға қарай босқан қаратабан шұбырынды осылай басталып еді, қалай аяқталғанын білесіздер.
Егер білсеңіздер, Голощекиннің қазақты қыру геноциді негізінен Арқаға бағытталды Қазір мәлім болғандай, ашаршылықта ең көп қырылған Арқа қазағы. Мәселен Қарқаралы ауданында 50 мың халықтан ашаршылықтан соң 15 мың халық қалған. Ал әрқайсында 26- 25 мың тұрғыны бар Жаңаарқа мен Шет ауданында 1933 жылы 5-ақ мың халық қалғаны белгілі.
Терещенко да қазақ ауылын ойрандауды Арқа даласынан - Қарағанды облысынан бастады. Голощекин мен Терещенконың ісінің сабақтастығы, екеуінің бұл тұрғыда сыбайлас екені осы мысалдан көрініп тұрған жоқ па? Көрініп тұрса да, көрмейтініміз несі екен?
Енді кеше осы Терещенко 2 миллиард долларға капуста көмдіңдер деп Үкіметке жала жапты. Оның алдында апта бұрын екі миллион қазақты Бетпақ далаға көшіремін деп тепсінді. Көшірмекші боп отырғаны тағы да сол Арқа қазағы. Бетпақ деген құлан жортпас, құс ұшпас қу медиен шөл. Оның жанында үндістер тұратын Невада шөлі айналайын. Терещенкоға салсаң XIX ғасырда қазақты үндіс құсатып, резервацияға қуып тастамақ Сөйтіп арын баға алмай отырған қазаққа ара бақтырмақ. Өзі бал мен бағлан жеп, Алатаудың хан жайлауында жатпақ.
Вот, фантазёр...
Ерлан Төлеутай
Пікірлер