"ҚазМұнайГаз" компаниясы 5 миллиард теңге үнемдейді

812

"ҚазМұнайГаз" компаниясы басқарушыларының жалақысы 30 процентке ал өзге басшылардікі - 20 прцентке азаймақшы.

Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор Дәулетжан Хасановтың айтуынша, коронавирус пандемиясы мұнай нарығына қатты әсер еткен. Шикізатқа деген сұраныс күрт төмендеген. Соның салдарынан "ҚазМұнайГаз" компаниясының қаржылық жағдайы қиындап кеткен. Копанияда 12 мамырда қызметтік еңбекақылардың жаңа жүйесі бекітілген.

"Орталық аппарат қызметкерлерінің санын 34 процентке, 729 бірліктен 480 бірлікке дейін азайтуға шешім қабылданды. Басқарушы директорлардың саны қысқартылды. Осылайша, жалпы штаттың 249 бірлігі таратылды. Олардың 10 проценті еншілес компанияларға ауыстырылады. Қалған 90 проценті ҚазМұнайГаз жүйесінен кетеді. Басқарушы қызметкерлердің жалақысы 30 процентке, ал орта топтағы басқарушылардың еңбекақысы 20 процентке төмендейді. Қалған қызметкердің еңбекақысы өзгермейді. Басқарушы аппараттың бонустары мен сыйақылары да азаяды. Осылайша биыл компания басшыларының табысы 50 процентке төмендейді" - деді онлайн брифингте Дәулетжан Хасенов.

Сондай-ақ ол биыл жұмыстан кеткен қызметкерлерге өтемақы төленетінін сол себепті көп ақша үнемделмейтінін айтты. Ал келесі жылы оңтайландыру шараларының нәтижесінде шамамен 5 миллиард теңге үнемделеді деген жоспарын ортаға салды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы