Тоқаев Алматы әуежайын қайта жөндеу жоспарымен танысты

4502
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қолға алынған бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Түркияның TAV airport Holding компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуежайдың жаңа терминалының құрылысы туралы айтып берді.  Құны 150 миллион евроға бағаланған  терминалдың көлемі - 55 шаршы метр. Терминал жылына 6 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді.  Нысанның құрылысы 2022 жылдың 2-тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының халықаралық әуежайы қайта жөндеуден өткеннен кейін бұл нысанның Орталық Азия аймағындағы ірі авиациялық хабқа айналатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысында салынатын ұзындығы 784 метрлік көлік жолайрығы құрылысының жобасымен танысты. Президент жоба қала жолдарындағы кептелісті азайтуға және тұрғындардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік беретінін айтты.

Бұған дейін түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алғандығы жөнінде хабарлағанбыз 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер