Алматыда қоғамдық жұмысқа тартылғандардың еңбекақысы 85 теңгеге көбейеді

2390
Adyrna.kz Telegram

Алматыда «Еңбек» бағдарламасы аясында уақытша жұмыс істейтін жұмыссыздарға қолдау көрсетіледі. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлованың айтуынша, бүгінгі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға тартылғандарға 63,350 теңге төленіп келген. Бұл ең төменгі жалақы болып саналады. Енді оның бағасы айына 85 мың теңгеге көбейетін болды. Директор қоғамдық жұмысқа 12 адам алуды жоспарлап отырғанын,  қазірдің өзінде 2290 жұмысшы тартылғанын айтты. Көшелер мен саябақтарды тазартудан басқа еріктілер қызметі де қарастырылған екен. Оған қарттар мен мүгедектерге қарау сияқты жұмыс түрлері кіреді.

Диляра Иманқұлова, Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

– Төтенше жағдайға байланысты жеке ұйымдардың қызметі тоқтап тұр. Сәйкесінше, жұмыссыздар саны көбеюде. Әлеуметтік қолдау және халықты қоғамдық жұмыстарға тарту мақсатында басқарма басшысының бұйрығымен қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысы көтеріліп, айына 85 мың теңге мөлшерінде бекітілді.

Пікірлер