Саунада демалған "судьялар мен прокурорлар" кімдер? (Видео)

3549
Adyrna.kz Telegram

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі Желіде судьялар мен прокурорлардың карантин кезінде бірге саунаға барғаны түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"БАҚ және әлеуметтік желіде судьялар мен прокурорлардың карантин кезінде бірге саунаға барғаны туралы видео тарап жатыр. Осыған байланысты түсініктеме беру керек деп есептейміз. Бізге видеоны Б. есімді ер адам түсіргені белгілі. Оның сот жүйесіне еш қатысы жоқ. Бұл ақпаратқа қатысты қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Нәтижесін міндетті түрде жариялаймыз", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Сондай-ақ соттағылар осыған байланысты алдын ала қорытынды шығармауды және ресми дереккөздердің ақпаратына сенуді сұрайды.

"Жігіттер, бүгін маған Жаркенттен ағам Саян келді, демалып жатырмыз. Барып іштік, енді оны баняға әкелдім. Міне, менің баням, мынау, сот төрағасы. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жігіттері, Алматы мен Астанадағы ғана демалып жатыр деп ойламаңыздар, біз де демаламыз. (...) Колхозда тұрсақ та, демала аламыз", - дейді видео авторы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер