Әлібек Шегебай. Сынақ

4066
Adyrna.kz Telegram

Суда қалған ауылдарын..,
Көріп елдің ауыр халін.
Көңіл айттым жырымменен,
Мырзашөлдік бауырларым!

Құлағандай шырағы да,
Тартылғандай бұлағы да.
Амал бар ма адамзатта,
Жаратқанның сынағына.

Әрбір күннің таңын баққан,
Қара жердің бабын тапқан.
Иығына кетпен салған
Дихан еді – әлімсақтан.

Гүл-гүл жайнап жота, белі,
Жайқалып-ақ жатар еді.
Ақ бұлттардан аумай қалған,
Ақ мақтаның – Отаны еді.

Қапелімде «тағдыр әні»,
Бір әлекке салды дағы.
Сынақтағы сұрақ болып,
Су астында қалды бәрі.

Қаусырғандай қабырғамнан,
Қорқыныштың табы қалған.
Жаратқанға тәубе дейік,
Ең бастысы – халық аман!

Атар әлі күміс таңдар,
Сабырменен тыныстаңдар.
«Біз біргеміз!» өздеріңмен,
Мырзашөлдік туысқандар!

Фото: Азаттық

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер