Су тасқыны: Кімге сенеміз? (видео)

3846
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысындағы су тасқыны елімізді есеңгіретіп тастады. Кешелі бері аймақтың ресми орындары мен азаматтары оқиғаға қатысты әртүрлі деректер айтуда. 800-ге жуық мал шығыны бар екен. Желідегі видеода Өзбекстан азаматтарының  суды Қазақстанға қарай бұрып жатқанын анық көрсетеді.

Облыстың ресми ақпараттық ресурсында мал шығыны туралы айтылмайды. Бірақ көптеген жұмыстардың атқарылып жатыр.

«Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл орындарға орналасқан адам саны 7000 -ға жуық.

Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.

Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетілуде», дейді облыстық баспасөз қызметі.

Ал сол өңірдегі тілшіміздің айтуынша, аймақта 800-ге жуық малдың өлгені айтылады.

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары  жүргізген  зерделеу жұмыстары барысында су тасқыны кезінде Жаңа жол мен Еңбекші  ауылдық округтеріндегі 3 елдімекенде 1682 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарының бүлінгені анықталып отыр.  Алдын ала болжамдық есеп бойынша мұның шығыны  -181,1 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда, 1480 гектар мақта -148 миллион теңге,  42 гектар жоңышқа - 2,1 миллион теңге,  150 гектар бақша - 30 миллион теңге, 10 гектар жүгері - 1 миллион теңге деп есептеліп отыр. Сондай-ақ, аталған 4 елдімекенде 5335 мал басы тіркелсе, оның ішінде 799 мал өлген. Оның 328-і ірі қара, 361-і ұсақ мал, 53-і жылқы, 57-сі түйе. Малдың жалпы шығыны 249 миллион теңгені шамасында»  - деген мәлімет жеткізді.

 

Арай ауылының тұрғындары әкімдігіне риза емес. Техниканы соляркамен қамтамасыз ете алмайды деп ашынады.

Өзбекстанның әлеуметтік желі қолданушысының видеосынан суды Қазақстанға бұрып жатқанын көруге болады.

Пікірлер