Қазақстан – халықтар достығының мекені, халықтар достастығы рухани жаңғыруымыздың тетігі

4285
Adyrna.kz Telegram

2 мамыр 2020 жылы  Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті шетел тілідерін оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен   «Қазақстан – халықтар достығының мекені, халықтар достастығы – рухани жаңғыруымыздың тетігі»  атты   іс-шара  Zoom  платормасында  ұйымдастырылды.

Басқосудың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп,     халықтар достығын нығайту болып табылады.

 

Бұл шараға Қыздар университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы, профессор Қиынова Ж.К., университеттің «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңесінің жауапты үйлестірушісі Байташева Г.Ө., шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі  Жалалова А.М.,  Алматы қаласының ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Бұл шараны  Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі  Жалалова А.М. ашып берді. Одан әрі Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы, профессор Қиынова Ж.К. құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға ризашылықтарын білдірген видеолары көрсетілді. Осы орайда,  Қазақстанда  тұратын ирандық азамат Шахрам Факиқ Насери өзінің  видеосында елімізде көп жылдан бері ашық аспан астында тату-тәтті тұрып жатқандығын, қазақ халқының меймандостығын, мәдениеттілігін, өнерлі халық екенін мақтан тұтып, Қазақстан халқының бірлігі күнімен  құттықтады.

 

Сондай-ақ осы шараға қатысқан  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және   Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ  ұлттық техникалық университетінде оқитын әр түрлі ұлт студенттері  Қазақстанда білім алып жатқандығын қуана айтып, ел халықтарының бірлігі  мен ынтымақтастығының жарасқанын, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп, халықтар достығының мызғымастығын қазақ тілінде   мақтанышпен  баяндап берді.

 

Р.К. Садықова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер