Лотерея: Неге Ернар Айдар ғана жауап беру керек?

4193

Аптаның аптығы Ернар Айдардың қамалуы болды. Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жалған лотерея ойынын ұйымдастырғандарды анықтады. Олардың арасында елге танымал әнші Ернар Айдар да бар деп алдында хабарлаған болатынбыз.

"Бұл топ 2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында өте қымбат ұтыс сыйлықтарын - яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техниканы ойнатпақ болып, жалған лотерея ойынын ұйымдастырған. Алайда, жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар болмаған. Олар лотерея ойынына қатысушыларды сендіру үшін 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталды", - делінген ресми таратылған хабарламада.

Артынан Ернар Айдар өзінің инстаграмм парақшасы арқылы халыққа үндеу жолдап, өзінің алаяқтарға алданып қалғанын, желіде өзін жазғырып жазған жұртқа Алла сабыр берсін деп аяқтаған видеоүндеуін.

Осы орайда халық та "лотерея ойынын өткізген тек қана Ернар емес, олардың ішінде Қайрат Нұртас, Бүркіт, Мәдина Садуақасова, Нұрлан Еспанов, Айқын, Айгүл Иманбаева, Сиви Махмуди, Бағлан Әбдірайымов, Қарақат Әбілдиналар да бар. Семинар-тренинг өткізіп ақша тауып жүрген Айнұр Тұрсынбаева, Құралай ханым, Омар Жәлел барлығы да жауапқа тартылсын" деп ашына жазып жатыр. Осы күнге дейін қаншама әншілер машина, пәтер ойнатқанынан желідегі жұрт жаңылып қалған сияқты. Ернар Айдардың "аты-шулы" лотереясында қойылған төрт көлік пен пәтердің болмағанын, ұтып алушылар өздерінің "подставной" адамдары болғанын есепке алсақ, басқа әншілер де осы ізбен жүрген деп болжам жасауға негіз бар сияқты.

Біз аттары аталған "жұлдыздардың" инстаграмм парақшаларын бір сүзіп шықтық.  "Айтыстың аққуы" атанған Айнұр Тұрсынбаеваның инста парақшасына мынандай жарнама салыныпты.

Құралай ханым деген атпен танымал психологтың инста парақшасына кіргенімізде ешқандай жарнама мәтінін таба алмадық. Инстапарақшасына тіркеулі нөміріне хабарласпақшы болып басып едік, автоматты түрде ватсап нөміріне кірдік. Кірген бетте бізге мынандай мәтін шықты.

Белгілі әнші, қоғамдағы келеңсіздіктерді жасқанбай айтып жүрген Меруерт Түсіпбаева өзінің инстаграмм парақшасында "Ернарды түсінемін, жас қой... көргені сол болса...(?!) Мен әлі күнге Роза Рымбаеваға еліктеймін" деген жазба қалдырыпты.

Астындағы 400-ден астам пікірлерді оқып, төбе шашымыз тік тұрды. "Халық Құдайдың бір аты" дейтін болсақ, жұртшылық қай әнші қанша ақшаға, қашан лотерея ойнатқанына дейін жазып отыр.

Талай әншілерді "жұлдыз" жасап, теледидарға әкелген белгілі журналист Арман Сқабылұлы осы күнге дейін лотереяның заң бойынша тиым салса да тоқтамай тұрғанын, халықты алдауды тоқтату керектігін талай мәрте мәлімдеді де.

Қасиетті сахнаны фанерщиктерден тазалап, оларға қарсы "қасиетті соғыс" жариялап жүрген мәдениеттанушы, дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай " Бұлар мен үшін қашанда алаяқ фанерщик болатын, бұдан былай да, əманда аферист болып қала бермек" деген жазба қалдырыпты.

 

Керек дерек

«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңның 4-ші бабының 2-ші және 3-ші пунктерінде былай көрсетілген.

4-бап. Лотереяға қатысушылар құқықтарының кепілдіктері

2) ұтысты төлеуді талап етуге құқылы.

      3. Лотереяға қатысушы лотерея операторының шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулауға құқылы.

 

Қазір қолданып жүрген «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заң 2016 жылы қабылданған. Алайда қазір ол заң­ға енбей қалған бірқатар мә­селе бары анықталып, ақпан айында Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райым­құ­лова Мәжілісте  норма­тивтік актілерге түзету енгізіліп, толықтырылуды ұсынған болатын.

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығма­тулин заң жобасын екінші оқылымға дейін жан-жақты жетілдіріп, тіпті заңсыз лотерея ойнатқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

фото KAZ content Фб парақшасынан алынды

Пікірлер
Редакция таңдауы