Мақсатым - журналист болу

2943
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/dұrysy-osy-960x500.jpg?token=46fcbcc1b398f6fc8a74ffdde72a9b5d
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы дамуы барысында маңызды он бағытқа аса мән берілетінін айтты. Солардың бірі - жастарға қолдау көрсету. Елімізде 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланып, «Жастар - ел тірегі» арнайы жобасы жұмыс істей бастады. Осы жоба аясында, әсіресе, өз кәсібін ашқысы келетін мақсатшыл , еңбекқор жастардың бастамалары үлкен қолдау табуда . Сондай-ақ, «Президенттің кадрлық резервінің» қалыптастырылуы мемлекеттік қызмет саласында талантты жастардың ілгерілуіне жол ашады. Тәуелсіздік кезінде дүниеге келген , азаттық рухын санасына сіңіріп өскен , еркін ойлы жастар , расында , тәуелсіз елдің тірегі болуға құлшынады. Бұл жолда, бізге ең алдымен, лайықты білім алу, тіл үйрену қажет. Мен өзім журналист мамандығын таңдадым . Бұл мамандықтың иелері қашанда ел мүддесіне адал, қоғамдық өмірде белсенді болуға ұмтылады. Сондықтан бұл үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсінемін. Мемлекет басшысы: «Қазақстан - жас әрі жастардың мемлекеті»,- деп , дамудың қозғаушы күші жастар екенін атап өтті . Біз осы сенімді ақтауға бар күшімізді саламыз. Туған елді көркейтіп, туған жерді гүлдендіру жолында адал еңбек етіп жүрген жаңдарды өзімізге әрдайым үлгі тұтамыз .  

Атапкелова Ақбаян,

«Тұран» университеті

Журналистика факультетінің студенті

 
Комментарии